Жаңалық

Елордалық оқушылар ЭКСПО-2017 мұрасымен танысуда

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, оқушыларға «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Ақпан айының 6-сы мен 28-і аралығында ЭКСПО-2017 көрме кешенінің нысандарын Астана қаласының 3-11 сынып аралығындағы 50 мың оқушысы аралайтын болады.

Игі бастаманың мақсаты оқушыларды ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің мұрасымен таныстыру, деп хабарлады ұлттық компаниядан.

«Аталған экскурсиялық бағдарлама 5 сағатқа шамаланған. Оқушылар «Нұр Әлем» сферасының 8 қабатын аралап, кейін «Үздік тәжірибелер аймағына» барады. Балалар жаңартылған энергия көздерімен қолданысқа енгізілген үздік тәжірибелермен таныспақ» – деп атап өтті, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры Мэлс Әбенов.

Бұдан былай Ұлттық компания оқушыларға «Kids Future Energy» ашық сабағын және «Жұлдызды экскурсиялар мен турлар» өткізуге көрнекті оқымыстыларды, ғарышкерлерді, өнер қайраткерлерін шақырмақ.

«ЭКСПО-2017 мұрасы нысандары білім экскурсияларын өткізуде сөре алаңы болуы мүмкін. Осылайша компания білім туризмін дәріптеуге бағытталған шараларды өткізуге ниетті. Ондай ашық сабақтарды біз «Kids Future Energy» деп атадық. Соның ішінде, болашақ энергиясы тақырыбында физика, математика, жаратылыстану ғылымдарын қамтымақ. Осы сияқты «ашық» сабақтар оқушыларға пәндерді жақсы меңгеруге көмектеспек,» – деп санайды, ұлттық компания бас менеджері Роза Асанбаева.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы 11 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастаған. Келем деушілерге өз есіктерін көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайы, Үздік тәжірибелер аймағы, Энергия холы мен Конгресс-орталығы ашты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button