Жаңалық

Буктрейлер көкшетаулық оқырмандардың кітаптарға қызығушылығын қайтарады

Көкшетауда «Рухани жаңғыру» – «Үздік Буктрейлер» (booktrailer) атты бірегей жоба іске қосылды, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

 

«Акция кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқырмандарды «кітаптар әлеміне» қайтарады», – деп есептейді ұстаздар.

Шараға 200-ден астам адам қатысты. , .

Буктрейлер (booktrailer) – ол ерікті көркемдік түрінде бір кітап туралы баяндайтын қысқа бейнеролик. Мұндай бейнероликтердің мақсаты – жаңадан шығарылған кітаптарды жарнамалау және оқуды насихаттау, фильмдердің трейлеріне тән көрнекі құралдарды пайдаланып кітаптарға назар аудару. Буктрейлердің ұзақтығы 3 минуттан аспайды. Бұл бейнероликтер заманауи кітаптарға ғана емес, әдеби классикаға айналған кітаптарға да түсіріледі.

Сұхбат алаңында шығармашылық тұлғалар, актерлар, жазушылар, режиссерлік және актерлік шеберлік мұғалімдері, журналистер пікірлерімен бөлісті. Олардың әрқайсысы қазіргі замандағы тәрбиеге қатысты кітаптардың маңызды рөлі туралы әңгімеледі.

«Бүгінгі күні біздің үйлерімізде кітап оқуға құлшынымыз азайса да, біздің кітаптарымыз сөрелерімізден жоғалып кетпейді. Біздің қиялымыз рухани азыққа, эмоцияларға, сезімдерге мұқтаж, яғни дайын бейнетаспадағы сурет немесе аудио жазбалар керек қажеттілікті толтырмайды, сондықтан біз тағы да кітаптарға қайта ораламыз», – деді облыстық «Ақмола правдасы» газетінің редакторы Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова.

Сұхбат алаңында Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Сәбит Мұқановтың «Промелькнувший метеор», Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» және Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» атты кітаптары таныстырылды. Бутрейлерлерді Көкшетау қаласының «Аулет» мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірттері әзірледі.

«Бұл мәселенің техникалық жағы ғана емес, сонымен бірге компьютердегі бейне-редакторлармен тікелей жұмыс істеу, сонымен қатар театр қойылымдарын басқару негіздерін білу, актерлік шеберліктің негіздерін білу керек», – деді М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапхана жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Галина Савенкова.

Аталып өткендей, сұхбат алаңы концерттік бағдарламамен және естелік жалпы фотоға түсумен аяқталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button