Жаңалық

Солтүстік Қазақстанда 2017 жылы 33 мәдениет нысаны ашылды

Жаңа уақыт өткізу орындарының санын жаңа 24 демалыс орталығы және 9 кітапхана толықтырды.

Мәдениет нысандарын ашу Жол картасына сәйкес 2017 жылы 33 нысан қолданысқа берілді, соның ішінде 24 демалыс орталығы және 9 кітапхана бар, деп хабарлады облыс әкімі Құмар Ақсақалов халықпен есепті кездесуде.

Оның ақпараты бойынша, 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысында түрлі форматтағы 20 мыңнан аса іс-шара өткізілді: көрмелер, мұражай сабақтар, еске алу кештері, тұсаукесер кештері, концерттік бағдарламалар және тағы басқалар.

«ҚХР-ның Шихэцзы, сондай-ақ БАӘ-нің Әбу-Даби, Ресей Федерациясының Түмен, Воронеж, Беларусь Республикасының Брест қалаларында өткен халықаралық, республикалық фестивальдар мен конкурстарда шығармашылық ұжымдар біздің облысымызды лайықты деңгейде таныстырды. Алғаш рет біздің облысымызда Қазақстан Республикасының ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындары өтті, нәтижесінде солтүстікқазақстандықтар 26 медаль иеленіп, жеңімпаз атанды», – деп атап өтті әкім.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, аймақта жалпыхалықтық патриотизмге, өзінің тарихына, мәдениетіне, халқына сыйластық сезім қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Былтыр біздің өңіріміздің біртуар тұлғаларының есімін есте қалдыру мақсатында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің ескерткіш-мүсіні ашылды», – деп толықтырды ол.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада латын әліпбиін үйрену бойынша орталық ашылды, бұл тұрғындарға қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру бойынша түсіндіру жұмысын қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бұл жерде республикадағы және өңіріміздегі алғашқы коворкинг-орталық ашылды. Осындай орталықтарды облыстың ауылдық кітапханаларында ашу жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button