Жаңалық

Солтүстік Қазақстанда 2018 жылы 500 орынға есептелген қазақ театры салынады

Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылға көптеген мәдени шаралар жоспарланған, деп хабарлады Ақмақ басшысы Құмар Ақсақалов халықпен есепті кездесуінде.

2018 жылы Солтүстік Қазақстанда 500 орындық қазақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы жоспарланған.

Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысы жерлестерінің құрылтайы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы, ақын, сазгер, әнші Сегіз серінің 200 жылдығы, Қожаберген жыраудың 355 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелу, Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері, 2018 жылы Петропавл қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы мәдени-бұқаралық шаралар бар.

«Сондай-ақ 2018 жылы 500 орындық қазақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы және Петропавл қаласында жерлесіміз, ақын, қолбасшы Қожаберген жырау Толыбайұлының 355 жылдық мерейтойына орай ескерткіш-мүсінін орнату жоспарланып отыр», – деп атап өтті әкім.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button