Жаңалық

Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жобасы басталды

Жоба аясында балаларды мектептен тыс ұйымдарда қосымша біліммен қамтуды 40% – ға арттыру, 218 балабақша және 243 мектепті қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету күтілуде.

Жалпы, жоба аясында өз тарихын, тілі мен мәдениетін білетін, шет тілдерін еркін меңгерген, денсаулығы және отбасымен байланысы мықты жас ұрпақты қалыптастыру, ғаламдық білім мен идеологиялық тәрбие, ғылыми-зерттеу және технологиялық қызметтердің қол жетімділігін балаларға толыққанды қамтамасыз ету мақсатында қоғамның күштер мен ресурстарын барынша жұмылдыру көзделеді.

Жобаны іске асыру барысында жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қоғам, республикалық және халықаралық ұйымдармен: БҒМ, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), “Балаға мейірімді Қала” қоғамдық бірлестігі, “Асыл бала” республикалық қауымдастығы, SAMRUK KAZYNA TRUST, “Мейірімділік” ерікті қоғамының Қоғамдық қоры, “Бауыржан” қайырымдылық қоры, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингімен өзара іс-қимыл жасау көзделіп отыр.

Бағдарлама қорытындысы бойынша балаларды мектептен тыс ұйымдарда қосымша біліммен қамтуды 40% – ға арттыру, 218 балабақша және 243 мектеп интерактивті жабдықтармен жарақтандыру, робототехниканы дамыту мақсатында ресурстық орталықтар ашу және асоциалдық тәртіптегі жасөспірімдердің мәселелерін кешенді тәсілдермен алдын алу қамтамасыз ету күтілуде.

Сондай-ақ, облыстағы 34 мектете (Ақтөбе қ. -10, әр ауданда 2 мектеп), кедергісіз білім беру ортасын жасау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды өз қатарлы балалар арасында демалып, ем алуға бейімделген маусымдық спорттық сауықтыру лагерін ашу, САЛ ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығының құрылысы, аутизмге шалдыққан балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) орталығын ашу, қалада 2-ші ПМПК ашу, «Нектар» атты арнайы (түзету) балабақшасын ашу, және үйде оқытылатынқимыл-тірек аппараттары зақымданған балаларға қажетті жабдықтарымен 100% қамтып, оқу жихазының 47 данасын сатып алып беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар облыс мектептерінің жанынан 77 спорт алаңдарын ашып, қала мен аудандарда шаңғы кешендерін ашу, Ақтөбе қаласында аквапарк ашып, балаларға арналған онкогематология корпусын, облыстық перинаталдық орталықты және 6 жасқа дейінгі балаларға арналған педиатр учаскелерін ашу ойластырылған.

Ақтөбе қаласында Бақытты бала жобасының аясында балалар үшін қазіргі заманғы ойын-сауық паркінің салынуын, болашақ Білім саябағында халықаралық дәрежедегі авиамодельдік кордодромның құрылысы, “Әсем” жыл бойғы оқу-сауықтыру лагерінің, “Мейірім” әлеуметтік бейімдеу орталығының жанында спорт зал салу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұрғын үй сатып алу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй бөлу, сол мақсатпен жетімдер үйінің отбасы құрған түлегіне қайырымдылық акциясын жасап баспаналы қылу жоспарланған.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының Батыс-2 ауданында Білім саябағы ашылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button