Жаңалық

Ақындар Сыр өңірін жырға бөледі

Қызылордада «Астана​-биік төрім, Қызылорда –туған жерім» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

 

Қызылорда қаласының әкімдігі және аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өткен ақындар айтысы Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналды.

 

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен от ауызды, орақ тілді 14 ақын қатысты. Ақындар Сыр өңірінің көркейген келбетін, соңғы уақыттарда жеткен жетістіктері, сол жағалауда бой көтеріп жатқан жаңа қаланың көркем көрінісін жырларына арқау етті. Олар жыр дариясына халықты қанықтырып, қызыл тілдің шешендігін көрсетті.

 

Сонымен, бас жүлдені өзінің үздік өнерімен жас өрен Мейрбек Сұлтанхан жеңіп алды. Айтысқа қатысқан Мақсат Аханов, Әсел Ережеқызы, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев сынды тарланбоздармен бірге жас өрендер – Дөңбай Рай, Сұлужан Тауыпалды, Жақсылық Әлихан сынды айтыскерлерімізде келген көрермендердің көңілінен шықты. Айтысқа қатысқан барлық ақындарға сый-сияпат жасалды.

 

Ал, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Нұрлыбек Кәрбозұлы 500 мың сыйақыны жас ақын Әділбеков Сырымға табыс етті.

 

Жалпы, ұлттың рухани өнерінен ләззат алып, айтыс өнерімен сусындап, халық риза болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button