Жаңалық

ОҚО-да аймақта түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығы басталды

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында облыста түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дайындалған «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмі мен 2016 жылы облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Ерлік» көркем фильмдерінің көрсетілімімен бастау алды.

Фильмдер апталығының ашылу іс-шарасында Қазығұрт ауданының əкімі Төлеген Телғараев ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Қазығұрт тауы туралы анимациялық фильм түсірген “САҚ” киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев, “Оңтүстікфильм” КММ директоры, режиссер Батырхан Дəуренбеков, “Киелі Қазығұрт” анимациялық фильмінің режиссері Бегім Баймұратов жəне “Ерлік” қысқа метражды көркем фильмінің басты рөлінде ойнаған əртіс Нұркен Орынбек алғыс хаттармен марапаттады.

Аталған жоба жасөспірімдердің туған елге деген патриоттық сезімін оятуға, бірлікке, татулыққа тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға, жастардың рухани санасын жаңғыртуға үлес қосады, сонымен қатар, мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыта отырып, ауылдық клубтар мен халық арасындағы мәдени байланысты жақсарта түседі.

Айта кетек, «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен жыл бойы аймақтыңтың аудан, қалаларында өңірде түсірілген фильмдер апталығы жалғасын табатын болады.

Қазығұрт ауданы бойынша 20-24 ақпан аралығында Қызылқия, Қақпақ, Шарбұлақ, Тұрбат, Шарапхана, Рабат, Үшбұлақ, Жаңабазар елді мекендерінің мәдениет үйлері мен клубтарында кино көрсетілімдер өтеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button