Жаңалық

Айтыскер ақын Бекарыс Шойбековпен онлайн кездесу өтті

Бүгін, Шымкент қаласының «М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназиясында» Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен білім басқармасының ұйымдастыруымен, ҚР Мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, «100 Жаңа есім» тізіміне енген, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековпен «Өнегелі бір сағат» атты онлайн режимдегі тағылымдық шарасы өтті.

Іс-шараға арнайы шақырылған «100 жаңа есім» жобасына енген, ҚР Мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ең алдымен өзінің өмірі жайлы мәлімет берді. Мұнан соң, ұл мен қыз тәрбиесінде ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-анамен бала қарым-қатынасын нығайту. Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау тәрбиесіне басымдық танытуға байланысты ағалық ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі 6 басымдылығын (Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы) оқушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық сезімдерді ояту, ізгілікке және азаматтыққа бағдарланған көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тағылымдық тәрбие жөнінде де кеңінен сөз етті.

Еліміздің әр бір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Яғни, сол тағдырды жасаушы сіз бен біз. «100 жаңа есім» жобасы нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Осыған орай, Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын» дегені бекер емес-ті.

Демек, келешекте суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырған тұлғалардың өмірі үлгі етіліп, өмірге деген құштарлық туғызады. Нәтижесінде жастардың өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азамат болуы үшін ықпалы зор болмақ – деді,  Б.Шойбеков.

Сондай-ақ, онлайн режимдегі тағылымдық шарасына облыс бойынша  бір мезетте 1038 мектептің жоғары сыныптарынан 67 мыңнан аса оқушы қамтылды.

Нәтижесінде  іс-шараға қатысқан оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, өздерінің үлгі тұтар азаматтарының бойындағы жақсы қасиетке бейімділігі артты. Тіптен, оқушылардың арасында өнерге деген қызығушылығы басымдары  өз қабілеттерін шыңдай түсетіндіктерін жасырмады.

Айта кетерлігі, «Өнегелі бір сағат» онлай режимдегі тағылымдық шарасы әр онкүндікте басқа да танымал тұлғалармен дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button