Жаңалық

Ерсұлтан Бектұрғанов: Павлодар облысында «Рухани жаңғырудың» серпілісі сезіледі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында болды. 

Депутаттармен бірге облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко да келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесу кезінде депутаттар кітапхананың жұмысы мен материалдық-техникалық қамсыздандыруымен танысты. Кітапхана басшысы Шолпан Шахметова, кітапхана қорындағы 500 мыңнан астам кітаптың 400 мыңы электрондық форматқа көшірілгенін әрі мұнда «Жанашыр», «Тілтаным», «Балалар кітап оқиды!» сынды жобалардың жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті.

Одан әрі қонақтар ғимараттағы «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалар офисін аралап шықты. Офис басшысы Зәуреш Мұқашева мәжілісмендерді ұжыммен таныстырып, жұмыстарын көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар жайлы облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтып өтті. Сондай-ақ, ол:

«Өткен жылы 468 млн теңге сомасына облыс бойынша 17 мәдени ошақ күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Биыл Баянауыл мен Кенжекөлде 2 мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда», – деді.

Содан мәжіліс депутаттары атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Депутат Е.Бектұрғанов өз сөзінде «Рухани жаңғырудың» басым бағыттары бойынша үлкен жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті. Сонымен бірге, мәжілісмен жастардың діни тәрбиесіне үлкен назар аудару керектігі жөнінде ұсыныс білдірді. Сөз соңында Жанат Жарасов «Рухани жаңғыру» жобалар офисінде жұмыс бір жүйеге келтірілген, – деді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button