Жаңалық

Депутаттар өңірде Елбасының программаларын түсіндіруде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Депуттар Әлия Сапарова, Сергей Симонов, Павел Казанцев, Снежанна Имашева мен Михаил Чирков Ақмола облысының Ақкөл және Целиноград аудандарын аралап, сайлаушыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Елбасының Қазақстан халқына ұсынған 5 әлеуметтік жобасын түсіндіру болып табылады.

Астаналық қонақтар Әлия Сапарова мен Сергей Симонов Целиноград ауданында орналасқан «Шаңырақ» акционерлік қоғамының өндіріс орындарымен танысты. «Шаңырақ» компаниялар тобына құс етін өндіретін және егін шаруашылығымен айналысатын өндіріс орындары кіреді. Құс фабрикасында бүгінгі таңда еуропалық үлгідегі жаңа құрылғы қойылған. Фабрикада сағатына 10 тонна бидайды кептіретін кептіргіш бар. Етті салқындату үшін салқындатылған ауа қолданылады, бұл артық сұйықтықтың етке түсуін болдырмайды. Өнімділікті арттыру үшін жасанды ұрықтандыру жүйесі қолданылады.

Құс фабрикасындағы техникалық параметрлерді Big Pharm қашықтан басқару және деректер жинау жүйесі арқылы басқарады. Техникалық парк – фидер, трактор, трейлер, тауық сияқты арнайы жабдықталған. Мекеме жылына 20 мың тонна ет өндіруге қауқарлы. Мекемеде 600-ден астам адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымымен кездескен депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік жобасының әр біреуіне нақты тоқталып өтті. Содан Парламент депутаты Әлия Сапарова өз сөзінде: «Біздің мақсатымыз әр сайлаушыға әлеуметтік маңызы зор бастамаларды түсіндіру болып табылады», – деді.

Одан әрі халық қалаулылары Михаил Чирков, Павел Казанцев және Снежанна Имашева Ақкөл ауданының орталық аудандық аурханасында болып, аурухана жұмысымен танысып, медицина қызметкерлерімен кездесті.

Ақкөл аудандық орталық ауруханасында 53 дәрігер мен 174 орта медициналық қызметкер еңбек етуде. 70 күндізгі орын мен 80 орын тәулік бойы науқастарға ем-дом жасайды. 150-ден астам аурухана қызметкері 25 айлық көрсеткіш көлеміндегі жалақыдан төмен айлық алады. Олар орта медицина қызметкерлері, санитар қызметкерлері, күзетшілер және т.б. Аурухана аудан бойынша 26 мыңнан астам адамға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Аудандық ауруханада сүт безі қатерлі ісігін бірінші деңгейін анықтайтын маммограф аппараты қойылған. Флюрографиялық, лапорогскопиялық аппараттары жұмыс істейді. Операциялық диагностика жасауға мүмкіндік беретін рентгендиагностика құрылғысы сатып алынған. Халық қалаулылары аурухана жұмысына оң бағасын беріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button