Жаңалық

Мереке қарсаңында геология саласының үздіктері марапатталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2011 жылдан бастап, сәуір айының бірінші жексенбісі геологтардың кәсіби мерекесі болып белгіленді. 

Осыған орай, Көкшетау қаласында Геологтар күні қарсаңында бірқатар геология саласының үздіктері марапатталып, атқарған қызметтері мен еткен еңбектеріне алғыс айтылды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Ыдырысов, аумақтық департаменттер мен басқарма басшылары, геологиялық барлау компаниясының өкілдері, геология ардагерлері және жер қойнауын пайдаланушылар қатысты.

Салтанатты шара барысында жер қойнауының майталмандарына облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен арнайы марапаттар табыс етілді. Сондай-ақ, сала мамандары «Кен барлау үздігі», «Құрметті кен барлаушы» номинациялары бойынша марапатталды.

Жиын соңы облыс көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған мерекелік ән-шашуға ұласты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button