Жаңалық

Юнус Әміре жырлары қазақ тіліне аударылды

2018 жылдың 6 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында «Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Юнус Әміре жырларының қазақ тіліне аударылуына үлкен үлес қосқан ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлымен қатар Стамбул университеті Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу ортылағының директоры проф. Абдуллах Қызылжық, Йедитепе университеті қауымдастырылған профессоры Ариф Аджалоғлы, әл-Фараби университеті оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Кешке қатысушылар Түркі дүниесінің көрнекті ақыны, сопылық поэзияның үздік өкілі Юнус Әміренің жақында жарық көрген жырларын қазақ түрік тілдерінде тыңдай отырып, өмірі, шығармашылығы және жырларының қазақ тіліне аударылуы жайлы мәліметтерге ие болды.

Бұл еңбектің жарық көруі және ойшыл ақын Юнус Әміренің қазақ жұртына танылуына, Атажұрт пен Анажұрт арасындағы әдеби байланыстарымыздың нығаюы үшін үлес қосқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкері, аудармашы Мәлік Отарбаев пен ұлы ақынның жырларының қазақ тіліндегі көркемдік аудармасын жасаған кең жүректі ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы және кітап редакторы ақын Кәдірбек Құныпияұлы үлкен үлес қосты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button