Жаңалық

Тоқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысында «Рухани жаңғыру» туралы айтты

Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 47-ші пленарлық отырысы өтті.

Оның тақырыбы Достастық елдері мәдениетінің өзара іс-қимылына,  жай-күйіне, келешегі мен құқықтық қамтамасыз етуіне, сондай-ақ ТМД-дағы Мәдениет жылына арналған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап барды. Сенат спикері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысында сөз алып, ТМД мемлекеттерінің өзара мәдени ықпалдастығы мен тұрғындар өмірінің сапасын арттырудағы маңызды мәселе ретінде гуманитарлық даму міндеттерін іске асырудың кепілдігі мен халықтардың рухани ерекшеліктерін сақтаудағы өзекті мәселелердің шешімі болуы тиіс екенін атап өтті.

Осыретте«Мәдениеттерді өзара байытудың қажеттігі туралы қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу, адамды сол халықпен тең етеді» деген болатын. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бүгін қаралып отырған Мәдениет туралы кодексінің жобасы біздің мемлекеттеріміздің қатынастарын үйлестіруге және ынтымақтастығын кеңейту үшін құқықтық шарттарын қамтамасыз етуге және бірлескен мәдени жобаларды іске асыруға  бағытталған», – деді Қ.Тоқаев.

Соныменқатар, Сенат төрағасы парламентшілердің назарын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың идеологиялық жаңарулардың бағдары нақты белгіленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасына аударды. Қ.Тоқаев атап өткендей, осы бағдарлама БҰҰ-ның барлық тілінде ұсынылатын болады.

«Біз Қазақстан әдебиетіндегі, драматургиясындағы, кинематографиясындағы ең үздік деген шығармалардың бүкіл әлемдегі, бірінші кезекте Еуразия кеңістігіндегі миллиондаған адамдардың жүрегінен орын алғанын қалаймыз. Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғырудың мақсаты – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық тұжырымдамасы міндеттерімен үйлесетініне сенім білдіру. Қазақстан мәдени-тарихи мұралар мен ескерткіштерді туристік мақсатта бірлесе пайдалану, мәдениет саласының шығармашылық әлеуетін көтеру үшін жағдай жасау, ең бастысы ТМД кеңістігінде мәдени шығармаларға қол жеткізуді қамтамасыз ету секілді мәдениет саласындағы өзара қарым-қатынастың келешегі зор деп санаймын»,

– деді Қ.Тоқаев.

Жоғарыдағы Қ.Тоқаевтың пікірінше, мәдениеттердің үнқатысуын дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстар, тарихи мұраларды сақтау мен көптарапты шығармашылық жобаларды жүзеге асыру жаһандық ауқымда да өз жалғасын табуы мүмкін. Осыған орай, «ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ТМД-дағы мәдениет жылының бірлескен тұсаукесерін өткізу оны лайықты ілгерілету болып табылар еді. Саяси қайшылықтар өршіп тұрған бүгінгі күні жалпы адамзаттық құндылықтар мен мұраттарды уағыздайтын шынайы мәдениет өзінің жасампаз, өркениетті және бітімгершілік әлеуетін ауқымды халықаралық аумақта толықтай жүзеге асыра алады», – деп атап өтті Сенат төрағасы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button