Жаңалық

Ақмола облысында Ақан серінің шығармашылығына арналған «Мәңгілік әуені» Этноday өткізілді

2018 жылы айтыскер ақын Ақан сері Қорамсаұлына 175 жыл болады.

Осыған орай алты алашқа аты шыққан ақынның құрметіне Ақмола облысында «Мәңгілік әуені» Этноday өткізілді, деп облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Ақан сері атындағы ауылда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан ғалымдар, зерттеушілер және қоғам белсенділері ақынды еске алып, Ақан сері шығармашылығы бойынша зерттеулер материалдармен бөлісті.

Бұл жиынға ақынның сүйіктісі – Ақтоқтының немересі Орынбасар Төкенованың іс-шараға қатысты. Ол Ақан сері мен Ақтотының махаббаты туралы баяндай келіп, махаббаттың символы ретінде Ақан серімен Ақтоқтыға сыйланған сақинасын да сөз етті. Сақинаның көшірмесі бүгінгі таңда облыстық мұражайда сақталуда.

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында «Ақан серінің адалбақаны» қысқаметражды фильмнің, 1941 жылы Ғ.Мүсіреповтің шығармасы бойынша жазылған «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада ақынның шығармашылығың көптеген табынушылары ақынның шығармашылығына арналған көрмемен танысты.

Үкілі Ыбрай атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының орындауында Ақан серінің ұлы шығармалары: махаббатың символына айналған «Балқадиша», адалдықтың белгісіне айналған «Құлагер» әні, «Манмангер», «Мақпал», «Көкжендет», «Сырымбет» сияқты ән шығармашылығы арасында өз орнын тапқан әндер шырқалды.

Әдебиет және өнер мұражайында Үкілі Ыбрай, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ сынды айтыскер ақындардың музыкалық аспаптарының, сонымен қатар Ақан серінің жеке заттарының көрмесі ұйымдастырылды.

Этноday облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көне қазақ күміс бұйымдардың және киімдердің көрмесімен аяқталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button