Жаңалық

Ата сөзі – ұлағат

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында «Ата тәрбиесі» ғибратнамасы аясында іс-шаралар өз жалғасын тапты. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін көрсету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы салт-дәстүрлерін мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.

5-11 сыныптар арасында Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ортақ мейрамы – наурыз мерекесін қалай тойлайтының көрсету үшін 9 ұлттық орталық құрылды. Олар әр ұлттың салт-дәстүрін айтып, сол ел туралы ақпарат ұсынып, ұлттық тағамдарын таныстырды.

10-11 сынып оқушылары өз орталықтарын таныстыруы «Қостанай таңы» газетіндегі «Ата тәрбиесі» ғибратнамасынан алынған қазақ халқының ұлағатты сөздерімен үйлесім тауып, тиімді қолданылған. Концерттік бағдарлама кезінде шашу шашылып, оқушыларға Қыдыр ата мен жер ана өз баталарын беріп, көрермен ризашылығын алды. Мерекелік іс-шара соңында барлық ұлттық орталықтарға номинациялар берілді.

Бас жүлдені ұлттық орталықтың мазмұнын жан-жақты ашып көрсеткен Қазақ халқы ұжымы иеленді. Бұл күні мерекелік іс-шараға мектеп қабырғасында көп жыл еңбек еткен ұстаздар Беген Қаженұлы, Жақып Хасенұлы, Гүлжан Сүйіндікқызы, Райхан Досболқызы және Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының директоры әрі мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Марғұлан Бақытбекұлы куә болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button