Жаңалық

Қызылордада бірқатар жанашыр азаматтар марапатталды

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар қала кәсіпкерлері  “Туған жер” программасының аясында жерлестеріне қолдау керсеткені үшін марапатталды.

28 ақпанында Титов тұрғын ауданында орналасқан жатақхананың адам тұрмайтын бөлігі құлап, төтенше жағдай орын алған болатын.

Осы жағдайға қатысты қала әкімдігі тарапынан жедел шаралар қабылданып, барлық тиісті қызметтер дер кезінде жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 50 отбасы қауіпсіз жерге көшіріліп, екі күннің ішінде жергілікті бюджеттің есебінен уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған.

Сонымен қатар, қаламыздың жанашыр азаматтары мен кәсіпкерлері жатақхана тұрғындарын дәрі-дәрмек, азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге барынша қолдау көрсетті.

Уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған 50 отбасыны тұрғын үй кезегі келгенше баспанамен қамту мақсатында, құрылысшы кәсіпкерлерінің демеушілігімен 50 млн теңгеге жуық қаржыға қала көлеміндегі 9 көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аталған отбасылар толықтай сол пәтерлерге орналастырылды.

Осыған байланысты, төтенше жағдай орын алған уақытта дер кезінде қолдау көрсетіп, демеушілік жасағаны үшін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген құрылыс компаниясының басшылары мен кәсіпкер Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» және төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көңіл-күйдің тұрақталуына қосқан ерекше үлесі үшін «Қызылорда» телеарнасының тілшісі Әбділдә Елжасқа облыс әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

«Осындай ел марқаяр игі істеріңіз үшін барлықтарыңызға қала халқы атынан шынайы алғысымды білдіремін» – деді, қала әкімі Н.Нәлібаев.

Қызылорда облысының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ»:

1. Раимов Ерлан Қаниұлы – «РАИМ» ЖШС-нің директоры

2. Шанкерей Төреғали Каришевич – «Аль-Асад» саудаүйіжелісінің директоры

3. Ысқақов Бағдәулет Құлбекұлы – «Интегрострой» ЖШС-нің директоры

4. Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы – «Бақ Береке 2030» ЖШС-нің директоры

5. Ли Илларион Гукхенович – «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің директоры

6. Абубакиров Ибрагим Серікбайұлы – «Абусер» ЖШС-нің директоры

7. Сүйінтаев Алтынбек Туғанбекұлы – «Жабдықтау» ЖШС-нің директоры

Қызылорда облысы әкімінің «АЛҒЫС ХАТЫ»:

Әбділдә Елжас Қайырбекұлына – «Қызылорда» телеарнасының тілшісі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button