Жаңалық

Қазақстанда тағы үш мемлекеттік қорық ашылады - Берік Әбдіғалиұлы

“Қасиетті Қазақстан” ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы жаңадан ашылатын үш мемлекеттік қорыққа қатысты арнайы қаулының шыққанын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” бағдарламасы бойынша есеп беру кездесуінде Б.Әбдіғалиұлы:

“Бүгін сіздермен жақсы xабарды бөлісуді жөн көріп отырмын. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен арнайы үш мемлекеттік қорық ашылғалы жатыр. Бұл мәселеге Президент Әкімшілігі қолдау білдірді. Бұған қатысты үкімет қаулысы да шықты. Сондықтан да бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Қорықтарды атап өтер болсам, бірінші қорық – Астананың маңайындағы Бозоқ. Бұл қорықты көп адам біле бермеуі мүмкін. Дегенмен, Астана бұл жерге кездейсоқ салынған жоқ. Ол – қазақ тариxында елеулі оқиғалар болған жер. Бозоқ соның бір дәлелі болса керек. Болашақта сол жерде үлкен музей мен визит-орталығы ашылады”, – деді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, екінші қорық – Ботай. Бұл жерде адамзат баласы алғаш рет жылқы жануарын қолға үйреткен. Мұны әлем ғалымдары да мойындап отыр. Ал, үшіншісі – Сарайшық. Мұнда былтырдан бері Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен үлкен жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Кезінде Қасым xандар елдің астанасын Ұлытаудан сол жерге апарған. Сөйтіп, Алтын Орданың мұрагері біз екенімізді нақтылап берді. Сондықтан Сарайшық – біз үшін үлкен геосаяси құндылық. Соны насиxаттап, келер ұрпаққа жеткізе білуіміз керек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button