Жаңалық

Қорытынды ақпарат Селекционер ғалым тың деректермен бөлісті

Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бір жыл толуына орай «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Қазақстанның танымал ғалым-селекционері, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақ күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольскихтің қатысуымен «Күріш өсірудің заманауи технологиясы» тақырыбында тест-драйв форматында шеберлік сағатын өтт

 

Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» ЖШС егін алқабында алғаш рет ерекше форматта өткен бұл шара тек қатысушылар үшін ғана емес, спикерлер мен ұйымдастырушылар үшін де қызықты болды.

Шараға облыстық ауыл шаруашылығының мамандары, аудан агрономдары, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдар, күрішшілер қатысты.

Тест-драйвта ғалым А.Н.Подольских күріштің жаңа сорттарын шығару, дақылдардың экологиялық жоғары деңгейін сақтай отырып өндіру жолдары, күрішті баптаудың инновациялық әдістері, сапалы өнім дайындау жайлы тәжірибесімен бөлісіп, ауылшаруашылығы мамандарына кеңес берді. Облыстың əр ауданынан жиналған агроном мамандар өзара пікір алмасты. “Сыр сұлуы” сортын ойлап тапқан селекционер ғалым Сəуле Малкайдарқызы Байбосынова да өз тəжірибесінен көптеген мəліметтер айтты.

Осы ретте жергілікті егіл алқапарының жұмысы жайында ғалым А.Н.Подольских былай деді: «Қазіргі таңда күріш егу науқаны басталып жатыр. Диқандар қайткенде сапалы əрі мол өнім алудың жолын іздеуде. Сәуір-мамыр айларында егістік жұмыстары жүргізілген сәтте күріш күн көзін көп талап етеді. Ал гүлдеген кезде, керісінше, жаңбырлы күндерді ұнатады. Біздің ауа райы күндіз 50 градусқа дейін ыстық, ал түн тым салқын болғандықтан күріш ерекше бапты талап етеді».

Сонымен қатар, ғалым күріш бейнеті мол дақыл дей келіп, егінге дайындық алдында жер жыртқанда өте мұқият болуды, суару, артынша дəн себу процесі бір-бірімен тығыз байланыста жүргізілсе, мол өнім алуға болады. Бір өкініштісі, диқандар көбіне ресейлік сорттарды егіп, жергілікті ғалымдардың шығарған сорттары назардан тыс қалып жатады. Қазіргі таңда Күріш ғылыми-зерттеу институтында күріштің мыңнан астам түрі барын айтты.

Тест-драйв нәтижесінде ауылшаруашылығы мамандары «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.Н.Подольскихтің ғылыми жетістіктерін жүзеге асырып, егін егу тәжірибесінде пайдаланатын болады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы саласының мамандары көктемгі егін егу алдындағы дайындықтарын пысықтап, сапалы өнім өндіруге кіріседі.

Шара туралы ақпарат республикалық 24kz, Хабар, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы, қалалық «Қоғамдық» телеарнасы, облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары» басылымдарында жарияланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button