Жаңалық

Алматылық студенттер «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аудармашылармен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен аудармашы ғалымдар мен алматылық студенттер кездесті.

Осы жобасы аясында аударылған кітаптарды насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен аудармашы ғалымдар мен алматылық студенттер кездесті.

Шетелдік ғалымдардың аталмыш еңбектерін қазақ тіліне аударған авторлар қатарында ғылым докторы Сағади Бөлекбаевтың еңбегі ерен. Ол Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» туындысын тәржімалаған.

Ал Гүлжиһан Нұрышева өзінің әріптесі Гауһар Әбдірасыловамен бірлесіп, Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» еңбегін түпнұсқадан аударған.

Кездесуде аудармашылар студент-жастарға кітаптардың негізгі мазмұны мен құндылығы жайында баяндап берді. Сондай-ақ, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да аудармашылар тұщымды жауаптарын берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button