Жаңалық

Латын графикасын үйрететін курс ашылады

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы латын графикасын үйрететін курс ашатынын мәлімдейді. Мұны осындағы оқу-әдістемелік орталық іске асырмақ.

Негізінен бұл жерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тегін үйрететін курстар бұрыннан бар. Тіпті енді латын графикасын да меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Мұнда тіл мамандары мен сарапшылар жиі бас қосып, тұрғындарға латын әліпбиіне қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісуде.

Осы ретте А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Жанар Жұмабаева:

– Мұндай ұйымдастыру жұмыстары басқа да өңірлерде өту керек. Себебі халық, оқушылар, мұғалімдер, студенттер латын графикасымен таныс болу керек – деп осы жобаның насихатына ерекше көңіл аудартты.

Ал Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев:

– Қазақ тілі жазуының латын графикасындағы емле-ережесі дайын болған кезінде біздің осы орталық барша азаматтарды латын графикасындағы әліпбимен оқытуға толықтай дайын, – деді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button