Жаңалық

21 IT-технологиялар кабинеті ашылды

Қостанай облысының білім беру ұйымдары мен мекемелерінде «Көркейе бер, Қостанай!» кіші жобасы шеңберінде меценаттар қаражаты есебінен 21 IT-технологиялар кабинеті ашылды.

Қостанай облысының аудандары мен қалаларында 21 IT-технологиялар кабинеті орнатылды. Енді облыстың оқушылары спорттық робототехника жөніндегі жарыстарда өздерінің ұстанымдарын нығайта алады, сондай-ақ автомобилдеу бойынша да алғаш рет өздерін сынап көреді. «Көркейе бер, Қостанай!» кіші жобасының шеңберінде әр өңірдің жергілікті меценаттары жас өнертапқыштарға осындай сый тарту етті. Жаңа жабдықтарды сатып алу үшін 172,21 млн теңге қаражат бөлінді.

Кабинеттерді ашудың мақсаты – оқушылардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолдану үшін жағдай жасау, білім беру саласын дамытуға меценаттарды тарту.

Сандық технологиялар кабинеттері кеңсе жиһазымен, 3D принтермен, 3D сканермен, мультимедиялық тақтамен, робототехниканың үш түрімен автотрансляциялық жиынтықтармен жабдықталған, олардың үлгілерін жасау үшін керек-жарақтары да бар.

Сандық технологиялар кабинетінің ашылуы білім алушыларды олимпиадаларға, түрлі масштабтағы жарыстарға дайындауға мүмкіндік береді: олардың ақпараттық құзыреттілігі, танымдық қажеттілігі және оқуға деген ынталары айтарлықтай өсуі керек және білім беру қызметі шығармашылық тұрғыда да жоғарылауы қажет.

Бұдан басқа, облыс әкімінің қолдауымен 2018 жылдың қыркүйегінде облыс орталығында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің базасында IT-технологиялар мамандандырылған мектеп-интернатын ашу жоспарланып отыр. Бұл мектептің міндеті балаларға 3D-модельдеу дағдыларын қалыптастыру ғана емес, дербес сайттарды, WEB қосымшаларын жасау, сонымен қатар ақпараттық технологияларды ағылшын тілінде оқыту болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button