Жаңалық

ОҚО-да әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

Шымкент қаласында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы  аясында облыстық “Айбын” əскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

Қажымұхан стадионында өткен  іс-шарада  аудан, қалалардан келген 380 оқушы кермеде тартылып, шалқалап жатып денені көтеру, әскери кросс, газ тұмылдырықты киіп, арқан тарту сияқты спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Одан бөлек, «Менің роботым» атты әскериленген робототехника байқауында да бақтарын сынады.

Іс-шараның мақсаты – облыстың үздік әскери патриоттық клубтарын анықтап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери патриоттық жұмыстарды жандандыру, үздік әскери патриоттық клубтар мен үйірмелерге қатысушы оқушыларды және жетекшілерді анықтау, әскери қызметтік мәртебесін көтеру және әскери патриоттық үйірмелерге қатысушы оқушылардың үлесін 60%-ға арттыру болатын.

Аталған жиынға 16 командадан 400 оқушы және 100-ге жуық төрешілік ететін әскери бөлім қызметкерлері атсалысты. Айта кетейік, жиынның өтуіне Қорғаныс істер жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасы тікелей мұрындық болды.

Жалпы командалық есепте І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Кентау қаласы , ІІІ орынды Төлеби ауданы иеленді. Əр бағыт бойынша бірінші орын алған оқушылар маусым айында Қарағанды қаласы Спаск орталығында өтетін республикалық турнирге қатысады

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button