Жаңалық

Әміретану тың деректермен толықты

Әмірені әлемге танытқан Париж екені белгілі. Ол онда әйгілі қазақ әншісі, музыкант, актер ретінде даңққа бөленді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Әміретану және «Ұлттық мәдениет» жобасы оның Парижде көрсеткен өнері қатысты тың деректермен толығып отыр

Әміренің өмірі жайлы бірнеше кітап жазған Жарқын Шәкәрім, 1974 жылы мәскеу мұрағатынан тапқан деректерді өз еңбегінде келтіреді. Яғни күміс көмей әншіміз 1925 жылы шілдеде Париждегі өткен Бүкіләлемдік сәндік көрмеде өз өнерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленген екен.

Осы ретте ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілінің орынбасары Асқар Әбдірахманов:

– Бірінші жаналық деп, Әміре Қашаубаевтың Париж сахнасында ән шырқаған, мекен-жайды табуымыз деп айтуға болады. Ал екінші жаналық, тамаша француз композиторы және музыка сыншысы Пол Ле Флемнің рецензиясынын табу деп білемін. Бұл рецензияда атақты композитор Әміре Қашаубаевтың шығармашылық шеберлігіне өте жоғары баға берілген.

Сонымен қатар, Жарқын Шәкәрімнің кітабында аударылып басылған, «Париж апталығының» шілде айындағы соңғы нөмірінде жарияланған мақала да табылып отыр. Онда концертке қатысушыларының суреті де бар. Алайда Ахмет Жұбановтың еңбегінде келген «Лё мюзикаль» басылымы әлі табыла қойған жоқ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button