Жаңалық

Астанада «Достық шеруі» өтеді

Астанада 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімі аясында әрі еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достқы қарым-қатыснасын одан әрі нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында вело шеру өтеді.

Аталмыш спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қала тұрғындарын белсенді салауатты өмір салтын ұстануға, сондай-ақ күнделікті өмірде велосипедпен жүруді кеңінен насихаттау мақсатында спорттық бұқаралық шараны Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді.

Шараға әлемдік додаларда ел мерейін асқақтанып, жұртымызы алты құрлыққа танытып жүрген танымал белгілі спортшылар, велошабандоздар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ 12 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Жарыс алдында концерттік нөмірлер көрсетіліп, жарысқа қатысушыларға керемет көңіл-күй тарту ететін жалпы спорттық жаттығулар жасалады. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Айта кетейік, алаңда велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады. Маршруттың ұзақтығы – 4100 м.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button