Жаңалық

Ақмола облысында жыл басынан бері 17 «Рухани жаңғыру» шағын жобалық кеңселері мен кабинеттері ашылды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Ақмола облысы бойынша 12 «Рухани жаңғыру» шағын жобалық кеңселері ашылды, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

 

2006 жылдың 26 сәуірінде Ақмола облысының білім беру ұйымдарының аймақтық жобалық кеңсесі және «Рухани жаңғыру» кеңселері арасында интернет-телекөпір өтті.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы мектептер, Балалар үйлері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жалпы 17 «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылған. Барлық кабинеттер: кеңжолақты интернет желісімен, мультимедиалық құралдармен және фирмалық стильмен жабдықталған.

Жыл басынан бері аталған кабинеттерде 30-дан астам диалогтық алаңдар өткізіліп, ерікті мектеп клубтарының жұмыстары ұйымдастырылды, және балалар мәслихаты өз жұмыстарын бастады.

Мұндай орталықтар алдағы уақытта тарихи таным мен ғылым-білімның қайнар көзіне айналып қана қоймай, жарқын болашатың бағдары да бола бермек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button