Жаңалық

ОҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 3465 құнды кітаптар қазақшаға тәржімаланды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалық мақалалары аясында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Көне кітаптар – жазба ескерткіштер» атты ақпараттық шара өтті.

Ақпараттық шарада кітапхана қорындағы кітаптардың цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында мәліметтер қамтылды.

Жалпы кітапханада сирек кездесетін құнды кітаптардың саны – 3465. Оның ішінде, тарихи жазба ескерткіштер мен қолжазбалардың көшірмелері де бар. Бөлім қорында өлкеміздің төл мұрасына айналған мерзімді басылымдардан – 1946 жылдан бері облыстық газеттердің 200 түптемесі сақталған.

Қазіргі кезде кітапханада сандық форматқа 102 сирек қор көшірілген. Соныменқатар, алдағы уақытта қордағы барлық кітаптар мен жазба ескерткіштер сандық форматқа көшіріліп, оқырмандарға зор мүмкіндік жасалмақ.

Аудан, қала кітапханаларына және оқырмандарына ескі сирек кітаптар мен тарихи басылымдарды оқуға қажетті мүмкіндіктер жасалуда.

Алдағы уақытта 1946 жылдан бері сақталып келе жатқан газет материалдарының электронды нұсқасын дайындау жұмыстары жоспарланды. Шара барысында студенттер, ізденуші жастар көптеген мағлұмат ала отырып, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ізденіс пен ынтасын танытты.

Ақпараттық шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Қыдырбайұлы жеке кітапханасында сирек кездесетін кітаптар көп екендігін айтып, өзі әкелген кітаптарды оқырмандарға таныстырды. Бұл шараның маңыздылығына тоқталып, қолындағы кітаптардың электронды нұсқасын жасап, ел игілігіне пайдалану үшін кітапханаға ұсынатынын атап өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көнемен байланыс жасай отырып, болашағыңның бақыты үшін күресу. Сол себепті де, сирек кездесетін әдебиеттерді дамытып, сол арқылы туризм саласын, білім саласын дамыту және тарихи оқиғалар мен ескерткіштерін үгіттеудің маңызыбағыты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button