Жаңалық

«Рухани жаңғыру жастар көзімен» саммиті өтті

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай “Білім және тәрбие” кіші бағдарламасының негізінде Зайсанда «Рухани жаңғыру жастар көзімен» атты оқушылардың аудандық саммиті өтті.

Бұл шараны аудандық білім бөлімі мен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып отыр. Мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай білімнің салтанат құруын, сананың ашықтығы, прагматизм, революциялық емес, эволюциялық дамуды, бәсекеге қабілеттілікті насихаттау, ақпараттық, білім беру және пікірталас платформасын ұсына отырып, жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуының қырларын айқындау. Шараға 8 мектептің оқушылары қатысып, 5 тақырыптық алаң бойынша дискусия ұйымдастырды:

Сартерек орта мектебінің командасы «Қасиетті Зайсан» тақырыбын талқылап, Зайсандағы киелі өңірлер, олардың тарихына тоқталып, оларды насихаттау үшін ұсыныстар айтты.

Зайсан қаласында 4 орта мектептің оқушыларынан (М.Әуезов атындағы ОМ, М.Ломоносов атындағы ОМ, Ю.Гагарин атындағы ОМ, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернат ) құралған команда «Ұлттық сана және үлгілі ұрпақ» тақырыбы төңірегінде дискуссия ұйымдастырды.

Мүкәрама орта мектебінің оқушылары «Эволюциялық даму – ұлт өркендеуінің алғы шарты» тақырыбын талқылады.

Елбасы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мақаласында басымдық берген негізгі бағыттардың бірегейі – сананың ашықтығы мен прагматизм. Қос бағытқа қатысты мәселе төңірегінде Қаратал орта мектебінің командасы талдау жасап, ұсыныс айтты.

Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің оқушылары «Бәсекеге қабілетті ұрпақ қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Осы ретте оқушыларды саммитке жан-жақты дайындап, шара барысында бағыт-бағдар сілтеген Мәди Мейірбаев, Айтгүл Манатова, Медет Еркебұланов, Жәмиға Қожағалиева, Айнұр Смағұлова сияқты мұғалімдердің еңбегін ерекше атаған жөн.

Әр командада 7 мүше бар, оның алтауы – спикер (оқушылар), біреуі – модератор (мұғалім, команданың жетекшісі). Іс-шараның барлық нысандары рухани жаңару тақырыбымен біріктіріліп, мемлекет басшысының жариялаған қоғамдық сана-сезімін жаңғырту бойынша жобалардың мәнін анықтады. Саммитке қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызын ашып, сенімді дәлелдер келтірді. Саммит Зайсан қаласындағы орта мектептердің оқушылары әзірлеген концертпен аяқталды.

«Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған нақты алты бағыт пен оның кіші бағдарламалары туралы мектеп қабырғасында, оқушылар арасында талқыланғаны – өте дұрыс әрекет. Бүгінгі ұрпақтың санасы азат. Азат сананы азғын ойлармен емес, азаматтық парызының борыштарын өтеу қажеттілігі, ақпарат сауатымен толықтыру керек. Сондықтан, бүгінде көптеген облыстарда ір мектептің шама-шарқынша кез-келген қозғалысын «Рухани жаңғырудың» насихатқа ие болғаны өте ұрымтал шешім.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button