Жаңалық

Оразғали Селтеев: 100 кітаппен тоқтап қалмауымыз керек

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Оразғали Селтеев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталыққа сілтеме жасап.

Сарапшының пікірінше, Елбасының қолға алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Біріншіден, қазақ тілді ғылым мен білім беру ісінің жандануын айтуға болады. Мәселен бұған дейін оқу материалдарының тапшылығы білім беру сапасына тікелей әсер етіп келген. Ал ендігі аударылған гуманитарлық ғылымның аталған кітаптары әлемнің үздік университеттерінің білім беру бағдарламасына кіретіндігін атап өткен жөн.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл кітаптардың қазақ тіліне аударылуы тілдік кедергілерді жояды. Ендігі уақытта ағылшын тілін білмейтін қазақ тілді жастарға әлемдік ғылымның ой-өрісіндегі ең жоғары жетістіктер ашылып отыр.

«Үшіншіден, біз сананы жаңғырту жайында айтқан кезде кітап дәл осы процестің нақты құралы болатындығын түсіну қажет. Басқа сөзбен айтар болсақ, бұл сыни және сараптамалық дүниетанымның қалыптасу, жаңа тұжырымдар мен идеялар енгізу, қазіргі заманғы прогресшіл білімге қолжетімділікті кеңейту тетігі саналады», – деді Оразғали Селтеев.

«Әлемдік ғылыми прогресс жоғары жеделдікпен қарқынды дамуда. Лайықты іргелі жұмыстар мен жаңа зерттеулер барынша жеткілікті. Сондықтан мұндай кітаптарды жүйелі түрде аударып отыру қажет. Бірақ, ең бастысы бұл мазмұнын сапалы түсіндіруге зиянын тигізбеуі тиіс. Яғни, бір тілден екіншісіне аударылатын мәтіннің бастапқы мәнін сақтау өте маңызды», – деді Оразғали Селтеев.

Сонымен қатар ол 100 кітаппен тоқтап қалмаудың маңызды тұстарын атап өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button