Жаңалық

Ішкі жан дүние медицинасы

Кез-келген жаратылыс, кез-келген тіршілік иесі ауырады. Жанына немесе тәніне батқан сырқат оны сыртқы ортадан шектеп, төсекке таңады. Медицина ұғымы – адамның тәніне тиген сырқаттан айықтыруды мүдде тұтатын ғылым. Ал жан дүниеңді жеп бара жатқан ауруды кім емдемек? Міне, бұл – өте ауыр сұрақ. Америкалық философ өзі жасаған ақылдылық деңгейі атты тұжырымдамасында күрделі сұрақтарға психологиялық тұрғыдан аса үлкен ғылыми дәлдікпен жауап береді.

Кен Уилбер құрастырған ақылдылық деңгейі бойынша жарық көрген материалдардан тамаша тәмсілдерді үзіп алып, өзімізше саралауды жалғастырып келеміз. Америкалық жазушы, философтың айтуынша, жанға батқан сырқат адамның немесе кез-келген тіршілік иесінің тәніне тікелей әсер етеді екен. Міне, осыдан кейін барып, ол адам медицинаның көмегіне сүйенуге мәжбүр болады.

Әлемде, жалпы жаратылыстың түйсігінде сенім деген ұлы құдірет бар. Сенім дейтін ұлы құдіреттің арқасында ішкі жан дүниенің дағдарысынан да, тәни сырқаттардан да, небір емі жоқ аурулардан да айығуға болады.

Ақылдылық деңгейіндегі тұжырымдарға сүйенсек, медицина адамды төрт бағыт бойынша емдейді екен. Дәл осы төрт бағыт аясына медицинаның барлық ем-шаралары енеді.

Алғашқысы – ағзаны физикалық тұрғыда емдеу. Яғни, хирургиялық жолмен, дәрі-дәрмекпен, физиологиялық түрлі әдіс-тәсілдермен сықатынан айықтыруға тырысу. Бұл бағытты ғылым тілінде классикалық үлгі деп атайды.Сырқаттан қалай айығу керектігі келесі жолдарда.

Екіншісі – адам психологиясына белгілі бір деңгейде әсер ету арқылы сырқатын ұмыттыру. Науқас адам әдетте ауру жанына батқан кезде тұнжырап, түрлі эмоцияларды пайдалануын доғарады. Міне, екінші бағыт бойынша жұмыс жасау барысында мамандар адамның психологиялық тұрғыдан сау екенін дәлелдеп, оның эмоцияларын ашуға күш салады. Және бұл бағыттың медицинадағы орыны зор. Өйткені, бұл әдіс уақытпен дәлелденіп, мамандардың сеніміне кірген.

Үшіншісі – науқас пен дәрігер арасындағы диалогтық қарым-қатынас. Сырқат адамның төсекке таңылғаннан кейін бар арқа сүйері дәрігер болатынын бесенеден белгілі. Міне, сол кезде дәрігердің қолында зор мүмкіндік болады. Қандай? Ол – өзіне бар болмысымен сеніп отырған науқастың көңіліне сенім ұялата білу. Оның жазылатынын, тек қана кішкене уақыт шыдап, дәрі-дәрмекті уақытымен қабылдаса бәрі орынына келетінін баса түсіндіру арқылы дәрігер адамдарға үлкен көмек бере алады.

Төртіншісі – жан дүниенің жұтаңдыққа ұшырауынан туындайтын ауруды жою. Бұл медицинада ғана емес, психология мен социологияда да шешуі қиын түйткіл. Адамдар мұндай сырқатқа қалай ұшырайды? Сырқаттан қалай айығу керектігі келесі жолдарда.

Ақылдылық деңгейінің әрбір тарауынан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттемелеріне өте ұқсас дүниелерді табуға болады. Мысалы, Елбасы ұлттың руханиятын байытып, рухани жұтаңдықтан сақтауды мүдде етіп отырса, америкалық жазушы рухани жұтаңдықты ауруға балап жазған.

Руханияты жұтаған қоғам – науқас қоғам. Қоғамның санасы ашық, ғылыми-технологиялық бағытта дамуға ұмтылған азаматтардан құралған болуы тиіс. Мұндай қоғамды зиялы қоғам деп атайды. Әрине, халықтың материалдық жағдайын әсте ұмыт қалдыруға болмайды.

Дегенмен, адам санасы, адам руханияты – жер бетіндегі ең күрделі құбылыс. Оны әрқашан дамытып, өз бойыңда ілгерілеуге деген ұмтылысты тұрақтандыруың керек. Бұл – болашаққа жасаған нақты қадам болмақ.

Біз ақылдылық деңгейі бойынша адам интеллектуалының жоғарылауы қоғам үшін маңызды дүниелер екенін жеткізуге тырыстық. Елбасы айтқандай бәсекеге қабілетті, Абай айтқандай «толық адам» болу үшін ойлау, даму деңгейіңізбен тұрақты жұмыс жасауыңыз шартты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button