Жаңалық

Атырауда «Рухани жаңғыру» аясында 118 нақты жоба жүзеге асты

2017 жылы Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 13 млрд теңгеге 118 жоба жүзеге асырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

 

«Бағдарлама аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді, қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Былтыр сәуірде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын атыраулықтар қызу қолдады, осының нәтижесінде бүгінге дейін көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, былтыр бағдарлама аясында өңірде 1000-ға жуық іс-шараға 450 мыңнан астам адам қатысқан. Қазіргі таңда бағдарлама бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға барлық жағдай бар. Жобалық офис жасақталып, сарапшылар кеңсесі ұйымдастырылды. 7 ауданда кіші жобалық кеңселер, 70-тен астам ҮЕҰ белсенді араласып келе жатыр. 43 меценат кәсіпкер және 14 ірі демеуші кәсіпорындар қолдау көрсетіп келе жатыр», – деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысының айтуынша, облыстағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бірнеше кіші бағдарламалар арқылы жүзеге асқан. «Атамекен» кіші бағдарламасында Атырау қаласында «Асар» үш жақты әріптестік республикалық форумы өткен. Нәтижесінде, үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға, оларға барынша қаржылық көмек көрсетуге арналған Азаматтық орталық ашылған. Әлеуметтік жобалардың республикалық базасы жасақталып, 5 жоба Атырау қаласында жүзеге асуда. Алдағы уақытта нақтыланған тағы да бірнеше жоба іске асуға дайын.

Сонымен қатар, 2018 жылға – 6,1 млрд теңгеге 175 жоба жоспарланған. Жоспар бойынша 700-ден астам іс-шараға 400 мыңнан астам адам қатысады. Егер, барлық жоспар бойынша орындалатын болса, Атырау облысында бірнеше ғимараттар бой түзеп, аймақ көлеміндегі мыңдаған нысан жөндеу жұмыстарынан өтеді. Сондай-ақ, жергілікті студенттер мен оқушылар үшін де маңызды жобалар қарастырылуда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button