Жаңалық

«Рухани жаңғыру – жалпыға ортақ құндылық» конференциясында жасалған ұсыныстар

Талдықорған қаласында Алматы облысының білім басқармасы және Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы (әрі қарай Орталық) «Рухани жаңғыру – жалпыға ортақ құндылық» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2015-2020 жылдарға арналған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру мәселелерді қамтыды, қазіргі Қазақстанның дамуының тарихи міндеттеріне арналған – ұлттың құндылықтар негізінде бірігуі және 6 бағытты іске асыру арқылы Қазақстан халқының шынайы патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, өздерінің ауылына, қаласына, жеріне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне және өміріне махаббат, мақтаныш және адалдық таныту сұрақтары қарастырылды.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар жасөспірімдердің жалпыазаматтық тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың трансформациялануы жағдайларында үдеп бара жатқан проблемалардың өзектілігін атап көрсетті, тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтады, білім беру процесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің инновациялық технологиялары мен әдістемелерін жетілдіру, этно-көпмәдени социумда тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің мәнін мазмұны мен қызметін ашып көрсетті, отбасы әлеуметтік институтының, рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Конференция жұмысының барысында жастарды тәрбиелеу саласында елде болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жаһандану процесі жастарда біртұтас рухани-адамгершілік және жалпыға ортақ құндылықтар жүйесінің болмауы; қазақстандық субъект ретінде өзі туралы түсінігінің қалыптаспауы; кейбір ұлттық және мәдени дәстүрлердің ұмыт болуы; денсаулық және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстың жеткіліксіздігі сияқты бірқатар мәселелер шиеленістіріп тұрғаны атап көрсетілді.

Республиканың жетекші ғалымдары, Елбасының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспарында» айқын көрінетін «Біздің еліміз, ұлтымыз, біздің болашағымыз» атты конструктивті тарихи хабарламасын ортаға салды. Оқу орындарының, ата-аналар қауымдастығының, мектеп психологтарының өкілдері республиканың жетекші ғалымдарымен жұмыс істеуге керемет мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің эксперті Бийбе Қажымолдақызы Абилкаримова; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. Аяған; Қоғам қайраткері, «Парасат» ордені және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман, педагогика ғылымдарының докторы, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры Длимбетова Гайни Карикеевна; психология ғылымдарының кандидаты, Қайнар университетінің педагогика-психология, әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті Көмекбаева Лаззат Кенесбаевна; психология ғылымдарының докторы, РАЕ профессоры, МАПН корреспондент мүшесі, доцент Давлетова Акмарал Амангелдиевна; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, заң магистрі, тарих ғылымдарының докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғалиұлы іс-шараға қатысты.

Конференция аясында пленарлық отырыс өткізілді, конференция жұмысы келесі бөлімдерде жүргізілді:

1-секция: Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

2-секция: Білім беру ұйымдарының психологтары

3-секция: Ата-аналар қауымдастығы

Секция отырысында отбасының тәрбиелік ықпалының әлсіреуі; әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм мәселелері талданды. Тәрбие жұмысында этникалық факторлар мен қазіргі діни жағдайлардың, т.б. артып отырған рөлі үнемі ескеріле бермейтіні атап көрсетілді. Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда жаңа тәсілдер енгізу механизмдерінің жеткілікті дәрежеде жетілдірілмегені, педагог және жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі де ықпал етеді.

Қатысушылар өз баяндамаларын ұсынды, пікірталасқа қатысты. Облыстық білім беру басқармасының және Білім орталығының веб-сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде конференцияның нәтижелері көрсетілді.

Конференцияның ұсыныстары:

– жалпыадамзаттық құндылықтарды трансформациялау жағдайларында тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту бойынша есінді күшейту;

– Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңнамаларына, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуді күшейту;

– отбасы әлеуметтік институтының тәрбиелік әлеуетін күшейту бойынша жұмысты жетілдіру;

– білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу және іске асыруды қолдау;

– білім беруде тәрбиенің міндетті түрдегі басымдығына қол жеткізу;

– гумандық (адамгершілік), ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық принциптерінің идеяларын іске асыру;

– девианттық мінез-құлық және идеологиялық экстремизм аясында тәрбие жұмысын күшейту;

– мектептегі сынып жетекшілерінің белсенді көзқарасын қалыптастыруды күшейту, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тиімділігін арттыру.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button