Жаңалық

Ауылдық кітапханалар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына өз үлестерін қосуда

Бегімбет ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Өсе бер, өркендей бер, Астана!» атты инсталлияциялық көрме жасақталып, бірнеше шара өткізілді.

Кітапханашы А.Жұбандықованың ұйымдастыруымен өткізілген көрме Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Оған Елбасы Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік кіндігі» сынды бірнеше кітабынан «Бәйтерек» монументі, «Алтын адам» мүсіні және Ақорданың, Ханшатыр, Бейбітшілік және келісім сарайының макеттері, Астананың басқа да әсем ғимараттары көрсетілген буклеттер жасалды. Бір дерек — «Алтын адам» мүсінін құрастыруға 40-қа жуық кітап пайдаланылды.

Айшуақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Назерке Мырзалина, кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Әбубәкір Шориндер пікірін білдірді.

Бегімбет ауылдық кітапханасының кітапханашылары С.Байдылова мен А.Жұбандықованың ұйымдастыруымен аталған көрме аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекет жолдары: Адам, Қоғам, Мемлекет» тақырыбында шара өткізілді.

Сондай-ақ «Бір ел — бір кітап» акциясына Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының ұсынылуына орай ақын шығармашылығына арналған арнайы кеш те ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Байдылова ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты библиографиялық шолу жасады. Ал «Латын әліпбиіне көшу — заман талабы» танымдық сабағында латын тіліне көшу мәселелері талқыланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button