Жаңалық

Шымкенттік меценат мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап балабақша ашып берді

Шымкент қаласында коррекциялық бағыттағы екі балабақша ашылды. Атқарылған игі шараның нәтижесіндегі арнайы бағытта жұмыс істейтін балабақша психологиялық даму үдерісі шектелген бөбектерді тәрбиелемек.

110 орынға лайықталған бөбекжайларды кәсіпкер меценат, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпазы Қайрат Молдасейітов өз қаржысына салдырған. Игі істің жалпы құны 280 млн. теңге. Жаңа орталықтың бірі психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған. Ал екіншісі тірек-қимыл функциялары бұзылған балғындарды дамытуға бағытталған. «Түрлі дертке шалдыққан бүлдіршіндерге қол ұшын созып, көмек көрсеткен жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Олардың бұл ісі өзгелерге үлгі» дейді қала тұрғындары.

Елмізде әрбір баланың балдай тәтті сәби шағы қызыққа толы, қиындықтан ада өтуі тиіс. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі балаларға да олардың қоғамға пайдасын келтіре алатындығы туралы, ешкімнен кем емес екендігі жайлы тәрбие беру қажет. Балалардың болашағы үшін олардың еміне, тамаша көңіл-күйіне мән беру өте маңызды екені бесенеден белгілі. Сондай-ақ, өмірге келген бөбектердің балалықшағы тұрмыстық қажеттіліктердің жетіспеуіне байланысты қараңғы болып өтпеуі тиіс. Сондықтан, елдегі қалталы азаматтардың көбісі осындай қайырымды істерге барады.

Бұл, әрине, өте жақсы бастама. Осындай азаматтардың санын арттырып, оларға белгілі бір деңгейде қолдау көрсетіп отыруымыз керек. Мүмкіндігі шектеулі, туылғалы бері сырқаттан көөз ашпаған бөбектердің өмірлерііне тың серпін беруге көмегін тигізе алған әрбір азаматқа лайықты марапат жасалуы да күн тәртібіндегі мәселе.

Кез-келген ата-ана өз баласының мүмкіндігі шектеулі болғанын, қоғамнан тысқары қалғанын әсте қаламайды. Дегенмен, перзентін сырқатынан толық айықтырып алуға да шамалары жетпейді. «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» елдің бүгіні осы нақылдың аясына топтасу керек. Жетім мен жесір ұғымы тек ата-ана, жар қамқорлығынсыз қалғандарға қаратып айтылған ұғым емес. Қандай да бір азамат өзінің дене мүшелерінің кемдігіне байланысты қоғам назарынан тысқары қалса, міне, нағыз жетімдік – осы.

Қазақылықтың қаймағы бұылмаған оңтүстік өлкенің азаматтары қолда барын осындай қоғам мүшелерінің қуанышы үшін бөліп беріп отыр. Бұл мемлекет басшысының «Рухани жаңғыр» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып отырған тамаша игі істердің бірегейі.

Жалпы Оңтүстікте «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кәсіпкерлер демеушілігімен көптеген әлеуметтік нысандар салынып, ел игілігіне беріліп жатыр.

Орынбасар Ырысдәулет, қала тұрғыны:

– Мүмкіншілігі шектеулі балаларға жағдай жасап, Елбасының тапсырмасын орындап жатыр, мінекей, рахмет. Балаларды жылы сөздерімен тәрбиешілер, медбике апай бар барлығы жақсы, кішіпейіл. Балаларға өте жақсы қарайды. Біз риза боп отырмыз.

Фатима Ештаева, балабақша меңгерушісі:

– Барлық жағдай жасалынған. Жаңа технологиямен жабдықталған. Даун синдромы, аутизммен ауыратын балалар емделеді. Бізде дефектолог, логопед мамандар жұмыс істейді. Олардың танымдық және ойлау қабілетін арттыруға дамыту және мантисори бағдарламасымен жұмыс жасалынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button