Жаңалық

Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері өтті

Аптаның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын ұлықтау мақсатында басталған Оңтүстік Қазақстан облысының елордадағы мәдени күндері, 20 маусым күні қабылданған Мемлекет басшысының тарихи шешіміне сәйкес «Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері» дейтін атпен жалғасты.

Шымкент қаласы республикалық маңызға ие қалалардың қатарына еніп, облыс орталығыТүркістан қаласына көшірілгелі бері тарихи астананың басшылары қызу жұысқа кірісіп кеткен. Облыс орталығында «рухани жаңғыру» бағдарлаалық мақаласының негізгі індеттемедерін орындау бойынша нақты қадамдар жоспарланып, сол бойынша алғашқы жұмыстар атқарылуда. Киелі Түркістанның статусы өсуі – тарихи қаланың заманауи даму көшінен кейіндеп қалмауына, қала өркениетінің дамуына, тұрғындардың әлеуеттік жағдайы жақсарып, жұмысен қамтитын орындардың артуына себеп боларлық бірден бір фактор. Елбасы Түркістанды облыс орталығы деп жариялап, арнайы қаулыға қол қойған кезде де шаһарды дамыту жұмыстарын жеделдетуі арнайы тапсырған болатын. Демек, біз алдағы уақытта оңтүстік қаланың алып шаһарға айналған тамаша келбетіне куә болатынымыз айқын. Рас, енді облыс орталығы статусын алған Түркістанға мемлекеттен бөлінетін және жергілікті бюджеттің ауқымы кеңеймек. Ал бұл дамуға кедергі олатын барық мәселелерді шешуге керекті бірден бр қажеттілік.

Түркістан – киелі өлкенің көркін ашатын тарихи атау. Жергілікті ақын апамыз Әселхан Қалыбекова сонау тоқсанын­шы жылдары: «Қазақтың Оңтүс­тік­те бестен бірі, Ешқашан шығар­маңдар естен мұны, Әрқашан бізге қарап өлшенеді, Қазақтың қан­шалықты өскендігі» деп айт­қанындай, алаш баласына ұйық мекен, қазақ туғанға бас­қ­алқа болған ежелгі жұрт, елдікт­ің алтын бесігі – Түркістан әз Астанаға керемет тарту-таралғы әкеліпті.

Әңгімені әуел басынан шолып айтсақ, өңірде облыс әкімі­нің тапсырмасымен барлық ай­мақты қамтыған бір жылдық мәдени-рухани жаңғыру жоспары жасалыпты. Осының ішінде ерекше маңызға ие 12 мәдени шараның 6-уы бүгінге дейін тиянақталған.

Бұларды атап өтер болсақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық код-тарихи сананы жаң­ғырту мақсатында ұйым­дас­тырылған «Салбурын саятшы­лық» пен «Ұлттық қолөнер мұрасы» атты этномәдени іс-шара, сонымен қатар «Қош келдің, әз-Наурыз» көктемдегі қызғал­дақ мерекесіне арнал­ған «Шұбай қызыл жалауы» атты мереке, биылғы мектеп бітіру­шілерге арналған «Орда­ба­сыға оралу» атты жастар форумы, оншақты күн бұрын Қаратау етегінде өткен «Қымыз­мұрындық» тойы.

Ал қалған алты шара: халық­аралық өнер фестивалі Төлеби ауданында, «Қауын» мерекесі Мақтаарал жерінде, ауыл тойы Сайрамда өтеді деп жоспарланса, сондай-ақ, «Тау самалы, жан самалы» сияқты маңызды мереке өз кезегін күтіп тұр.

Осындай аймақтық маңызға ие мәдени жұмыстардың сыртында өңір басшысы Жансейіт Түйме­баевтың қолдауымен елорда­ның мерейтойлық құр­метіне орай облыс аумағында ор­на­лас­қан елді мекендердің 26 көше­сіне жаңадан «Астана» атауы беріліп, бас қалаға сыйлық рет­ін­де түркістандықтар жалпы құны шамамен 766,2 миллион теңгені құрай­тын Есіл өзені бойына жаңа саябақ орнатумен қатар, сол жерден «Министр­ліктер үйіне» қаты­найтын 5 шақырым­дық қа­шық­­тыққа толық жабдық­тал­ған вело­жол салуды қолға алыпты. Бұл жұмыс қала тойына дейін аяқ­талуы тиіс дейді, өңір басшылары.

Сөз басында айтқанымыздай, Астана қаласында өтіп жатқан Түркістан облысы күндерінің жалғасы ретінде сейсенбі күні «Астана» концерт залының атшаптырым алаңында өңірдің мәдени мекемелері қатысуымен «Ел жүрегі – Астана» атты кешен­ді көрме ұйымдастырылды.

Бұл іске облыс деңгейіндегі мәдени мекемелер: тарихи-өлкетану музейі, «Отырар» кітапханасы, Бейнелеу өнері музейі қатарлы ұйымдар ат салысып отыр.

«Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – көне түркінің ізі, ұлы Тұранның көзі, өңірдегі тарихи ескерткіштер мен аймаққа аты мәлім өнер шеберлерінің шығармашылық қуатын елорда тұрғындарына таныстыру, сол арқылы басқаларға, бауыр басқан ағайындарға жаңадан шаңырақ көтерген Түркістан әлемін әйгілеу» дейді ұйымдастырушылар.

Расында көрменің экспозициясы да әртүрлі, барлық тақырыпты қамтыған аса бай. Тек залдың төрінен орын алған жәдігерлердің ұзын саны – 500-ден астам. Көрме тақырыптық тұрғыдан 11 атаулы бөлімге жіктеліпті. Осылардың әрбіріне тоқталар болсақ: әуелі көзге іліккені облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұйымдары ұлттық киімдер топтамасы. Бұл дүниелерді өңірге аты мәлім тігінші Гүлназия Есімбекова мен отбасылық шеберлер Бейісбековтер жасапты.

Келесі көрмеге – «Оңтүстік ғажайыптары» деген атпен Түркістан өңіріне тән әсем табиғат көріністері және аймақтың тұрмыс-тіршілігін, көрікті мекендердің көркем фото бейнесі топтастырылыпты. Бұл жерден Қазығұрт, Кентау, Отырар, Қаратау, Сарыағаш, Жетісай, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби, Сайрам аудандарында түсірілген фотосуреттерді көруге болады. «Өткен жылы облыс әкімдігі халықаралық Түріксой ұйымымен бірлесіп, 12 түркі мемлекетінен фотосуретшілер шақырып, оларды төрт бағытқа бөліп өңірді аралатып, 3800 фото түсірттік. Осылардан іріктеліп алынған 30-ға жуық фото-картина көрерменге ұсынылып отыр» дейді ұйымдастырушылар.

Залдағы жәдігерлерді тамашалауға келген көрермендерді еріксіз баурайтын дүние – Астана қаласының сұлу сәулетті ғимараттары өрнектеліп, әртүрлі пішінде кәдесый үшін жасалған 18 дана түкті кілем. Бұларды өндірген «Назар текстиль» және «Бал текстиль» кілем фабрикалары екен.

Жоғарыда айтылған өнімдердің барлығы – Отандық өнім. Сауда нарығында белгілі бір дәрежеге жетп үлгерген тауарлардың айналымда жүргені, тұтынушылардың көңілінен шығуы – ел импортының деңгейі артқанынан хабар беретін жайт. Осы өнімді өндіруші тұлғалардың көпшілігіне мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп, кәсіп ауқымының кеңеюне белгілі бір дәрежеде үлес қосып отыр.

Сондай-ақ, кешенді шараға келушілер назарына Түркістан облысының қасиетті, киелі жерлері, тізіміне енген тарихи-мәдени орындары, мәдени іс-шараларда түсірілген көркем, анимациялық, деректі фильмдер және белгілі қылқалам шеберлерінің шығармалары, қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар, облыстың көркем жерлері бейнеленген фотосуреттер, ақын-жазушылардың кітаптары, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген азаматтар туралы көптеген мәліметтер жинақталған.

Мәдени шара белсенділерінің бірі – облыстық «Отырар» кітапханасының директоры Кулия Айдарбекованың айтуына қарағанда, бұл ұжым төмендегі төрт тақырып аясында жұмыс жоспарын жасаған. Олар: «Туған жер – тұнған тарих», «Қасиетті Қазақстан – өркениет мұрасы», «Ел рухын көтерген – Астана» және «Рухани жаңғыру мұраты» деп аталады. Осы атаулар негізінде көрерменге 100-ден астам кітаптар ұсынылып, бұл туындыларды насихаттау жұмысы сәтті жүргізілді.

Астана қаласының оқырмандарына ұсынылған әрбір кіаптың өзіндік маңызы бар. Бірі- тұнба тарихымызбен етене араласуға итермелесе, енді бірі классикалық әдебиетіміздің тамашаларымен тілдесуге мүмкіндік береді. Енді бірі мемлекеттің маңызды бастамалары мен нақты қадамдарынан сыр шертеді. Республикадағы үлкен кітапханалар қатарына жататын «Отырар» кітапханасының мол қорында өткен ғасыр мен Тәуелсіздік уақытынан бері ел тағдырының басына төнген қара бұлт пен мемлекеттің даму жолы жайында ақпар беретін оқулықтар мен материалдар жетерлік.

Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы негізінде ел көлемінде жүйелі түрде жүріп жатқан «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты географиялық картаға еніп, республикалық дәрежеге ие болған өңірдегі қасиетті нысандар «Түркістандағы киелі орындар» деген атпен жеке бөлімге орналастырылыпты.

Аталмыш аймақтан 22 объекті республикалық деңгейдегі қасиетті нысан санатына алынған болса, осылардың ішінен: Сауран және Отырар қалашығы, Ақмешіт үңгірі, Арыстанбаб, Қарашаш ана, Ыбырайым ата, Бәйдібек би, Домалақ ана, Ысқақ баб кесенелері және айырықша сәулет өнер туындысы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі, Оқсыз қалашығы қатарлы қасиетті орындардың көлемді фотосуреттері көрермен көзайымына айналса, қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушылар Құрасбек Тыныбеков пен Батырбек Өтеповтердің еңбектері де төрден орын алыпты.

Бұл туындылар иесі облыстық Бейнелеу өнері музейінің директоры Айнабек Оспанов берген ақпарға сүйенсек, мекеме қорында 1500-ден астам әртүрлі тақырыптарда жазылған картиналар бар екен. «Бұлардың кейбірі тіпті ХХ ғасырдың басына тән сирек кездесетін туындылар» дейді Айнабек Мыңжасарұлы. Осылардан таңдап алынған 70-ке тарта жұмыс көрме сөресінен орын алыпты. Бұлар танымал суретші Әубәкір Исмайлов, Өсербай Шоранов, Сембіғали Смағұлов, Алпысбай Қазығұлов, Сейсенхан Махамбетов, Ұзақбай Көшкінбаев, Әнуар Игенбаев және омскілік суретші Ғимран Баймұқанов, өзбекстандық Надир Бабамұратов, қырғызстандық қылқалам шебері Жаныбек Сүйінбековтердің еңбектері екен.

Көрме барысында көрермендердің назарын аударған айырықша қолданбалы өнер бұйымдары да болды. Бұл әшекей бұйымдардың түсім кітабындағы анықтамада түгелдей дерлік өткен ғасырлардың басында жасалған өнер туындылары деген анықтама беріліпті. Яғни аталмыш жәдігерлер 1928-30 жылдардағы кәмпеске кезінде тәркіленіп, музейге тапсырылған бұйымдер екен. Әсіресе, күміспен апталып, жезбен қапталған білезік, сырға, құс мұрын жүзік, өңіржиек, бойтұмар, шекелік сияқты бұйымдар расында қас шебердің қолынан шыққан дүние екені көрініп тұр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде бүгінгі күні тарихи-мәдени жәдігерлеріміз жарыққа шығып, халық арасында кеңнен насихатталып жатыр. Оған дәлел – жоғарыда айтылған мүліктік тәркілеу кезінде жоғалып кеткен асыл бұйымдар мен ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше әшекейлердің арнайы елорда жұртшылығына таныстырылуы.

Шараның соңы «Астана» концерт залында Түркістан облысы өнерпаздарының қатысуымен гала-концертке ұласты. Тұран елінің өнерін тамашалауға Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері келіп қатысты.

Концерт «Шарықтай бер, Астана» театрландырылған-хореографиялық композициясынан бастау алып, дәстүрлі әндер шеруі, қазақ және классикалық, Ш.Қалдаяқов әндерінен попурри, «Дала рухы» композициясымен жалғасын тапты.

Концертке Түркістан тумалары әнші, Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, эстрада әншісі Алтынай Жорабаева, мәдениет майталмандары Үрәлхан Сейілбекова, Марат Оразыметов, елімізге еңбек сіңірген әртіс Сәбираш Әбдірайымова, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Нажмеддинова, Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқанат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Зкруллаев, Бекзат Тұрғынбек, Ақмарал Биназарова сынды сахна саңлақтарымен қатар «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Қазына», «Фараб» би топтары қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button