Жаңалық

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпазымен кездесу

Кенесары ауылының жастарымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының жеңімпазы, асырап алған он бір баланың әкесі Мұрат Молдабекұлы Кабылбаевпен кездесу жоспарланған. Оның балаларының ұлттары әр түрлі қазақтар, орыстар, украиндер, түріктер, татарлар, поляктар. Дегенмен, олардың барлығы қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Мұрат бала асырап алушылар мен қоғамдық қозғалыстардың ұйымдастырушылары арасында танымал, «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» атты қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі. Сондай-ақ, Мұрат Қабылбаев Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында, «Жетімдерсіз Қазақстан» бағытында жұмыс істейді, usynovite.kz сайтының редакторы болып табылады және «Маған аспанды көрсет», «Әке күнделігі» кітаптарының авторы саналады. Аталмыш кітаптар баспаға шықпай жатып, әлеуметтік желілерде парақтап жариялау сатысында-ақ нағыз бестселлерге, ал оның өзі атақты адамға айналды.

Қоғамдық тыңдаулар, отбасылық құндылықтарды насихаттау форумдарында, отбасы институтын нығайту, балалар мен отбасы үшін әлеуметтік қызметті дамытуға бағытталған шараларға белсенді қатысады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жұмыс топтарының мүшесі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағыты қатысушыларының нақты мысалында табысшыл қазақстандықтың бейнесін құру болып табылады.

Арнайы мемлекеттік жобаның негізінде өткізіліп жатқан конференцияның алдына қойған мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылар мен балалар үшін әлеуметтік қызметтерді дамыту, отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық сәйкестікті сақтау, мықты ұлт пен жауапты адамдарды қалыптастыру. Отбасылық дәстүрлер арқылы ауыл жастарының әлеуметтік өмірге белсенді араласуын дамыту.

Дамушы мемлекеттің дамыған мемлекет статусына жетуі үшін халықтың тұрмыстық жағдайы, отбасы институтының халі тұрақты болмақ керек. Отбасының шағын мемлекет екенін білеміз. Ол шағын отбасының жағдайы тұрақты болуы үшін ата-ананың жауапкершілігі аудай қажет. Қазіргі қоғамдағы ажырасу мәселесінің өршіп тұрғаны белгілі. Осы себептен де жетім-жесір саны артып, сәйкесінше ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды тәрбиелейтін үйлердің қатары өсуде.

Сол себепті де отбасы берекесін сақтауда елдің барлық азаматтарының өз жауапкершілігін арттыруы керек.

Кездесу барысында Мұрат Молдабекұлы отбасы мәселесі туралы, балалар болашағы жайлы тұжырымдамаларын бөліседі. Балаларға отбасылық қарым-қатынас пен құндылықтар, отбасымен көбірек уақыт өткізуге, үлкендерді құрметтеуге, кішілерді қорғау туралы баяндайды. Жастарды отбасын құруға, жауапты ата-ана болуына, отбасылық институтты нығайтуға және тәрбиелеуге бағытталған жобалар жайында айтылады.

Еліміздегі отбасылық мәселенің ушығып тұрған шағында адамгершілігінен айнымаған азаматтың көпке үлгі болары анық. Осындай азаматардың үлгі-өнегесі арқылы қайырымды жандардың саны арта түспек. Жаңғыру жолында келе жатқан еліміз үшін осындай игіліктерді атқарып жүрген адамдардың саны мол болғаны керек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағытының ел ішіндегі осындай есіл азаматтардың еңбегінің еленуіне елеулі үлес қосып отырғаны көңіл қуантады. Алдағы уақытта осындай азаматтардың өнегелі істерінің «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағыты аясында көрсетілуі арқылы қайырымдылық деңгейі артпақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button