Жаңалық

Ерінбей еңбектен, сонда арманыңа жетесің!

Адам баласы пайда болғаннан бері тек еңбектің арқасында ғана даму қарқыны артып, алға басу үдерісі жүрген. Сол арқылы тас қашап, шикі ет жеген дәуірден цифрлы технологияларды дамытуға беталыс жасаған қоғамның куәгері болдық.

Ал бүгінгі бәсекелестік деңгейі аспандап, кәсіпті дөңгелету үшін жанталасқан адамдардан құралған қоғамда «Алма піс, ауызыма түс» деп көктен тілек тілеп жата беруге әсте болмайды.

Бүгінгі нарықтық қоғамда кез-келген еңбекке жарамды азамат тынбай еңбек етіп, елдің ертеңі үшін атсалысуы шарт. «Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың» деген қазақтың аталы сөзі әр азаматтың санасында күн сайын жаңғырып отыруы тиіс.

Күш. Жігер. Қайрат. Дамуға ұмтылыс. Жарқын болашақ үшін капитал. Міне, осы қасиеттерді бойға жиып, әрбіріміз өзіміздің рухани һәм материалдық жағдайымызды оңалтуға, сол арқылы қоғамның деңгейін көтеруге күш салуымыз қажет.

Ертең деген – ездің сөзі. Болашақ бүгіннен басталады. Әгәрәки, өзіңді еңбекте сынасаң, көп уақыт өтпей жемісіне қарық боласың. Бүгінгі күн – сіз үшін мүмкіндік. Ал өмірдегі әр мүмкіндік – қайта айналып келмейтін, бір бұлт етсе құйрығын ұстатпайтын бақыт кілті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button