Жаңалық

Сен жеңімпазсың, оған күмәнің болмасын!

Жеңімпаз болу – әрбір адамзатқа берілген бақыт. Мүмкіндікті ретті пайдалана алып, нәтиже шығара алсаң – жеңімпазсың!

Бір күн – жаңа мүмкіндік. Жеңімпаздық тек күш бәсекесінде ғана қолданылатын термин емес. Өз-өзіңді, өз жалқаулығыңды жеңу – әрбір адамның ең қиын мәселесі. Өз-өзін жеңген адамның өмір жолында нағыз жеңімпазға айналары хақ.

Өмір деген даңғыл жолда бірі көлікпен, бірі жяу кетіп бара жатқан екеудің тағдырын Құдайға арта салып, жеңіске жете алмағанды ақтап алуға болмайды. Мүмкіндік адам атаулыға қатар беріледі. Бірақ оны қатар пайдалану, жүзеге асыру ескіден жоқ нәрсе.

Демек, сіздің де мүмкіндігін жетістікке айналдырғандардың қатарында болуыңыз ықтимал. Ол үшін әрбір сәттен мүмкіндік іздеңіз. Тұлғалық болмысыңызды дамытыңыз. Бұл – өмірдің бұлжымайтын қағидасы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button