Жаңалық

Барлығына үлгеру үшін қандай жеті әдеттен арылу қажет?

Ауыр еңбек қана сәттілікке жетелейді десеңіз – оңбай қателескеніңіз. Жетістікке жету жолында кішкентай ғана түйткілдердің үлкен рөл ойнауы әбден мүмкін. Сондықтан, жетістікке жету үшін өз өміріңді, күнделікті тәртібіңді, уақытыңды жұмсауды біраз өзгеріске ұшыратуға тура келеді. Турасын айтқанда, аяқ асты жолың болып кетуге емес, ақылды түрде жетістікке жетуді көздеу шарт. Жолың болғыштық – бір сәттік, ақылмен жасалған пайда көзі – мәңгілік. Жетістікке жету үшін қандай дүниелерге мән беру керек?

Жұмысқа көп уақыт бөлмеңіз 

Жұмыс аптасы 40 сағаттан аспау керектігін уағында Генри Форд тәжірибеден өткізіп, дәлелдеп берген. Оның жасаған қорытындысы бойынша, бір апта ішіндегі жұмыс жасауға бөлінген 40 сағат – ең жоғары жұмыс өнімділігін тіркеуге болатын уақыт. Одан көп уақыт жұмыс жасағаныңызбен, қызметтен сапа кете бермек.

«Иә» сөзін көп қолданбауға тырысыңыз 

Уоррен Баффеттің жазбаларына зер салсақ, жағдайы жақсы адам мен өте ауқатты адамның айырмашылығы болады екен. Жо-жоқ қалталарын салыстырып отырғанымыз жоқ. Өте ауқатты адам көп жерде «жоқ» деген сөзді қолданады екен. Кез-келген нәтиже шықпайтын және өзіңізге ұнамайтын тапсырмаларға келісе бергенді доғарыңыз. Бір ұсынысқа келісер алдында пайдасы мен зиянын сарапқа салыңыз. Егер осы екі бағытты салыстырғанда, пайдасы 80 пайызды құрап, тапсырма немесе бастама, жоба өзіңізге ұнаған жағдайда ғана келісуіңізге болады.

Барлығын өзіңіз жасаудан аулақ болыңыз 

Маркетологтардың айтуынша, жетістікке жету жолында өзгенің көмегіне көп жүгінген жөн. Бренд жайлы ақпаратты тарату жолында кәсіпкерлердің көпшілігі сайттар мен БАҚ-тан гөрі өзге қолданушылардың ақпаратына арқа сүйейді. Жетістікке жеткен маркетологтар үздік жобаларды өздері жасауға талпынбайды, олар тез арада жобасының өзге адамдардың көмегі арқылы белгілі бір деңгейге жеткенін қалайды.

Перфекционизм туралы ұмытыңыз 

Өнімділікті арттыру жолында қиыншылықтардан сақтану қағидаларының кереғар келетін тұсы бар. Демек, кәсіп жолында перфекционизмге аса назар аудармаған жөн. Бұл – кәсіп жасауда үлкен шыңдарды бағындырған кәсіпкерлердің сөзі, тұжырымы.

Перфекцонизм – дағдарыстан, қиыншылықтардан қашу үшін, аталған мәселелерге тап болмау үшін жасалынатын амалдар. Перфекционизм кедергілері қандай?

-тапсырмаларға талап етілгеннен артық уақыт жұмсалады;

-кәсібін дөңгелету үшін ұтымды сәтті күтеді (егер аталған сәт туған болса, онда сіз кешігіп қалдыңыз);

-төтенше ұсақ-түйекке көңіл аударып, басты назардан негізгі мәселені жоғалтып алады. Ал ең ұтымды сәт – дәл қазіргі уақыт.

Қайталанатын әрекеттерді автоматты жүйеге енгізіңіз 

Уақыттың ақша екенін ұмытпағаныңыз абзал. Tethys Solutions-тің мәліметінше, бастапқы көрсеткіші 3%, 20%, 25%, 30% және 70% құрайтын бес адамнан тұратын ұжымның қызмет көрсеткіші екі айдан кейін автоматтандырудың арқасында 3%, 10%, 15%, 15% және 10%-ға дейін қысқарады. Адамдар жұмысты қолмен жасаса, сондай-ақ, жаңа ақпарат іздеуден ада болса, автоматты қайталаудың бір жолын тауып алады. Кәсіптің өрге басуы үшін сіз де осындай жүйені тапқаныңыз жөн.

Шешімді болжам бойынша емес, нақты фактілер турасында қабылдаңыз 

Өз кәсібіңіз бойынша зерттеу жүргізіп, статистикалық мәліметтер жүргізіп, әрдайым бірқалыпты деңгейде өсім дәрежесін арттыру бағытын ұстаныңыз. Өз қарамағыңыздағы қызметкерлерге жұмыс графигін ыңғайлы құрастырып беріп, олардың әрбірінің құлшынысы басым болатын уақытты нақтылаңыз. Мысалы, кейбір адамдарға 12:00 мен 16:00 арасында жұмыс жасаған ыңғайлы немесе керісінше.

Демалысқа уақыт бөліңіз 

Сәт сайын алға қадам жасау – кәсіп үшін маңызды әрекет. Дегенмен, жұмыс арасында демалыс жариялап, өзіңіздің жаныңыз қалайтын дүниелермен айналысып тұрғанның пайдасы орасан зор. Дене мен мидың босаңсуы нәтижесінде жаңа идеялар туып, қызметке деген құлшыныс арта түседі. Сондай-ақ, жұмыс арасындағы демалыстардан оптимизм дәрежесі арта түсетіні дәлелденген.

Бір күнде ештеңе өзгеріп кетпесі анық. Қызмет жасау деңгейіңізді арттыру үшін демалысқа бір күн қисаңыз артық етпейді. Есесіне ағзаңыз тынығып, пайдаланылған энергияның орыны толығып отырады.

Жеке кәсіппен айналысу – мемлекетіміздің азаматтарға жүктеп отырған негізгі міндеттемелерінің бірегейі. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да бәсекеге қабілеттілік, прагматистік көзқараста болу секілді маңызды қағидалар баса айтылады. Бизнес саласында алдыңғы қатардан орын алып, өндірген табысыңызды нарықта сату үшін кәсіпкерлік теориясы мен маңызды қағидаларын меңгерген абзал.

Біз жоғарыда келтірген жеті қағида – кәсіпкердің бойынан табылуы тиіс ең маңызды қасиеттер. Осыларды күнделікті тәртіпке енгізіп, бизнес саласындағы біліміңіздің көкжиегін кеңейтсеңіз – сіздің кәсібіңізде өзгеріс орын алары сөзсіз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button