Жаңалық

Өзіңнің жолыңды өзің таңда!

Өмір даңғыл жол іспетті. Иә, көпшіліктің өмір туралы қалыптасқан ойы осындай. Расында қалай? Жо-жоқ! Қателеспеңіз! Өмір соқпағы көп, бұрылыс-қалтарысы мол қара жол.

Сіз туылғаннан бастап, осы жолдағы жолаушысыз. Қай соқпаққа түссеңіз де еркіңізде. Тек қана жалғыз мақсат – жетістікке жету, даму шыңына шығу. Бірақ ол жетістікке қай жолдың апарарын білмейсіз.

Есіңізде болсын, қате жолға түсіп, адасып бара жатқаныңызды сезсеңіз, дереу артқа қайтыңыз. Бұл – ең дұрыс шешім. Адасудың түбіне кетіп, даму орынына құлдырауға кетсеңіз, даңғыл жолға қайта оралуыңыз екіталай.

Ешкімнің соңынан еріп, өзге соқпаққа түспеңіз. Өз жолыңызды өзіңіз таңдаңыз. Егер қате таңдау жасасаңыз, бұл – өмірлік сабақ, тәжірибе.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button