Жаңалық

Ақтауда «Жартасты соқпақ» жағалауы ашылды

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Жартасты соқпақ» жағалауы ашылды.

Туристік жобаның ашылу салтанатына өңір басшысы Серікбай Трұмов қатысты, — деп хабарлайды. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғалымжан Ниязов, NCOC басқарушы директоры Ричард Хоув келді. Жартасты соқпақ 4 шағынауданда теңізге түсетін маңайдан, жартас массивінің етегінде орналасқан. «Caspian Riviera» қонақ үйінің аумағы бойымен әрі қарай жартасты жағалай 1 шағынаудандағы яхт-клубына дейін жалғасады.

 

Сонымен қатар абаттандыру жобасының жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Оның 70 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы жасалған екен. Осылайша жартасты жағалау туристік нысанға айналып, Ақтау қаласының бренді атанды.

 

«2018 жылы Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өткен болатын. Төрткүл дүние көз тіккен аса маңызды халықаралық шарада ҚР Тұңғыш Президент Н.Назарбаев жаңа келбетке енген жағалауға арнайы келіп, өзінің оң бағасын берген болатын. Бүгінгі ақмаржан қаланың көз сүріндірер келісті келбеті күн сайын жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ал оны одан әрі көркейтіп дамыту біздің азаматтық парызымыз. Құрметті жерлестер, мерекеміз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі жасап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз дами берсін!» — деді облыс әкімі.

 

Маңғыстау облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button