Жаңалық

Үстіміздегі жылдың 5-қыркүйегінде Алматы қаласында қазақ жазуының ғылыми талданулары бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Үстіміздегі жылдың 5-қыркүйегінде Алматы қаласында қазақ жазуының ғылыми талданулары бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Қазақтың ұлттық жазуы: орфография, терминология және емле» деген атпен өткен шараны Ахмет Байтұрсынов атындағы тілдерді дамыту институты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минситрлігінің Ғылым комитеті және «Қазақ тілі» атты халықаралық ұжым ұйымдастырған. Конференция Қазақстан халқының тілдер күніне және ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған. Бәрімізге белгілі, тілдің қоғамда, ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарда атқаратын рөлі өте зор. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаннан кейін қазақ тілін латын қарпіне көшіру жобасы да үлкен шараға айналды. Бұл бағыттың не мақсатпен жасалынып жатқаны туралы өңірлерде түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің кейбір құжаттары латын қарпіне көшті және осы бағытты қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, қоғамда көлемді қозғалыс орын алды. Сонымен қатар, Елбасы жастардан жаһандану кезеңінде ағылшын тілін жетік меңгеруді, өзге ұлт өкілдерімен тілдесуді және ғылым мен технологиялық тәжірибелерді еркін игеру үшін толыққанды ағылшынша сөйлей алуды талап етті. Бұл Қазақстанның жаһандану кезеңіне нық қадам жасап отырғанының айқын дәлелі, анық көрінісі бола алады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жас буынның үш тілді жетік меңгеру арқылы, қазақ тілінің латын қарпіне көшуі арқылы елдің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілік деңгейі артатынын, цифрлық дәуірде технологиялық өндірістің дәрежесі көтерілетінін айтып өтті. Конференция қатысушылары мен спикерлер де осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітіп, тіл төңірегінде жасалынып жатқан жаңашылдықтар мен реформалардың жарқын болашаққа қаланған іргетас екендігін айтты. Сонымен бірге, жаһандық ақпарат алмасудың қазіргі кезде қоғамға қажеттігі де сөз болды. Ауқымды шараға тіл мәселесі көлемінде жүрген азаматтар және ғалымдар қатысты. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің аясындағы тіл мәселесіне қатысты бірнеше ұйымдардың қызметкерлері дидар ғайып болды. Дөңгелек үстел барысында сөз болған мәселелердің барлығы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттемелерді орындау барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға талқылау ретінде жүрді. Одан бөлек, Елбасы бекіткен қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы бұйрығы да талқыға түсті. 2025 жылға дейін толық латын қарпіне өтуге пәрмен берген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзін ғылым саласында жүрген ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер бір ауыздан қолдады. Сондай-ақ, латын қарпінің түрлі нұсқалары төңірегінде өрбіп жатқан келіспеушіліктерді жойып, қазақ тілінің тілдік емлесіне, түп тамырына жақын келетін нұсқаның таңдалуына атсалысуға уағдаласты. Шараға қатысушылар Елбасының 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, ағылшын және орыс тілін толыққанды игеру», - деген сөзіне аса мән берді. Сонымен қатар, әңгіме барысында қазақ тіліндегі кірме сөздер мен терминдерді заманауи түрге келтіру мәселесі де сөз болды. Бұл ретте терминология институты соңғы жылдары қазақ тіліндегі терминдердің 7 мыңнан астамы қазақшаланып, қолданылуға тиіс нағыз нұсқасы ұсынылғанын айтты. Осымен халықтың санасын жаңғырту мақсатында жарияланған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған ұлттық құндылықтар турасындағы маңызы зор конференция өз мәресіне жетті.

Үстіміздегі жылдың 5-қыркүйегінде Алматы қаласында қазақ жазуының ғылыми талданулары бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Қазақтың ұлттық жазуы: орфография, терминология және емле» деген атпен өткен шараны Ахмет Байтұрсынов атындағы тілдерді дамыту институты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минситрлігінің Ғылым комитеті және «Қазақ тілі» атты халықаралық ұжым ұйымдастырған. Конференция Қазақстан халқының тілдер күніне және ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған.

Бәрімізге белгілі, тілдің қоғамда, ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарда атқаратын рөлі өте зор. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаннан кейін қазақ тілін латын қарпіне көшіру жобасы да үлкен шараға айналды. Бұл бағыттың не мақсатпен жасалынып жатқаны туралы өңірлерде түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің кейбір құжаттары латын қарпіне көшті және осы бағытты қолдау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып, қоғамда көлемді қозғалыс орын алды.

Сонымен қатар, Елбасы жастардан жаһандану кезеңінде ағылшын тілін жетік меңгеруді, өзге ұлт өкілдерімен тілдесуді және ғылым мен технологиялық тәжірибелерді еркін игеру үшін толыққанды ағылшынша сөйлей алуды талап етті. Бұл Қазақстанның жаһандану кезеңіне нық қадам жасап отырғанының айқын дәлелі, анық көрінісі бола алады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жас буынның үш тілді жетік меңгеру арқылы, қазақ тілінің латын қарпіне көшуі арқылы елдің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілік деңгейі артатынын, цифрлық дәуірде технологиялық өндірістің дәрежесі көтерілетінін айтып өтті.

Конференция қатысушылары мен спикерлер де осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітіп, тіл төңірегінде жасалынып жатқан жаңашылдықтар мен реформалардың жарқын болашаққа қаланған іргетас екендігін айтты. Сонымен бірге, жаһандық ақпарат алмасудың қазіргі кезде қоғамға қажеттігі де сөз болды.

Ауқымды шараға тіл мәселесі көлемінде жүрген азаматтар және ғалымдар қатысты. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің аясындағы тіл мәселесіне қатысты бірнеше ұйымдардың қызметкерлері дидар ғайып болды.

Дөңгелек үстел барысында сөз болған мәселелердің барлығы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттемелерді орындау барысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға талқылау ретінде жүрді. Одан бөлек, Елбасы бекіткен қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы бұйрығы да талқыға түсті. 2025 жылға дейін толық латын қарпіне өтуге пәрмен берген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзін ғылым саласында жүрген ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер бір ауыздан қолдады. Сондай-ақ, латын қарпінің түрлі нұсқалары төңірегінде өрбіп жатқан келіспеушіліктерді жойып, қазақ тілінің тілдік емлесіне, түп тамырына жақын келетін нұсқаның таңдалуына атсалысуға уағдаласты.

Шараға қатысушылар Елбасының 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, ағылшын және орыс тілін толыққанды игеру», – деген сөзіне аса мән берді. Сонымен қатар, әңгіме барысында қазақ тіліндегі кірме сөздер мен терминдерді заманауи түрге келтіру мәселесі де сөз болды.

Бұл ретте терминология институты соңғы жылдары қазақ тіліндегі терминдердің 7 мыңнан астамы қазақшаланып, қолданылуға тиіс нағыз нұсқасы ұсынылғанын айтты.

Осымен халықтың санасын жаңғырту мақсатында жарияланған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған ұлттық құндылықтар турасындағы маңызы зор конференция өз мәресіне жетті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button