Жаңалық

Жұртқа қарамай өзіңмен жұмыс істеуді жалғастыр!

Әр адам өз ісінің дұрыстығына өзге біреудің көзің жеткізуді қалайды. Іштей толыққанды сенімді болсаңыз да, қолдау күтесіз. Осы кезде бір жақсы сөз, не болмаса кері пікір сіздің алдағы мақсат-мүддеңіздің, жоспарларыңыздың табысты болуына жол ашуға немесе түбегейлі тас-талқанын шығаруы мүмкін.

Бұл – өте қауіпті жайт. Себебі, сізге өмір жолыңызда кезігетін адамдардың барлығы жақсы болмайтындығы хақ. Кейбіреуі жаман пиғылмен болмаса да, көңіл-күйі болмауы себепті теріс пікір айтады. Сіздің ең басты сынаушыңыз – ол емес.

Ол – тек сіз. Әрине, егер де сізге айтылған пікірдің дұрыстығына көзіңіз жетсе, қабыл алу немесе қабыл алмау өзіңіздің еркіңізде екені хақ. Дегенмен, әр ісіңізді іштегі сезіміңізбен ұштастырып отырыңыз. Себебі, бұл – сіздің өміріңіз. Өз шешімдеріңіз үшін жауапты тек өзіңіз боласыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button