Жаңалық

Дайын бол!

«Баланы – жастан» дейді қазақ халқы. Егер де тарих беттеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ата-бабаларымыз жас балаларды ат үстіне қондырып, жандарында ертіп жүрген. Үлкенді-кішілі жиындарда балаларды шеттетпей, қатыстырып отырған. Осылайша біздің дана бабаларымыз ұрпақты қайраттылыққа, жігерлілікке, төзімділікке тәрбиелеп отырған.

Шынымен, сәби шыр етіп дүние келгенде, ол ақ қағаздың бетіндей пәк болып туылады. Уақыт өте келе, ата-анасының, қоршаған ортаның әсерінен оның дүниетанымы қалыптасады. Өмір тек қана сәттіліктерден тұрмайды. Жас бала өсу барысында осындай қағиданы жақсы түсінетін болады.

Адамның өмірі биік шыңға шығудан гөрі, бұралаң ұзын жол секілді. Бір күніңіз табысты болса, басқа күні күрделіліктер кезігеді. Мойымаңыз! Қараңғы түннен кейін күн шығатындығы секілді, қиын сынақтан кейін жеңістің тәтті дәміне тап боласыз. Бұл – сан алуан адамның өмірінен алынған ақиқат екендігі сөзсіз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button