Жаңалық

Мақсатың сені күтіп тұр!

Уақыт – адам өміріндегі баға жетпес әрі жылдам жоғалатын құндылық. Сіздің өмірдегі басты қағидаларыңыздың бірі сол уақытты текке жоғалтпау болуы тиіс.

Уақытын жоғалтқан адам, уақыттың құнын білмеген адам барлығынан құр қалатыны анық. Сондықтан, ойға алған мақсатыңыз орындалуы үшін ерінбей еңбек етіп, мақсатыңызға қарай нық қадамдар жасағаныңыз абзал.

Еңбек және тұрақтылық. Осы бір екі қасиет арқылы ғана адам жетістік атты үлкен құндылыққа қол жеткізеді. Ал жетістікке жеткен адамды моральдық және материалдық тұрғыдан кемелденген кісі деп атауға болады.

Сіз де осы қатарға қосылғыңыз келсе, қазірден бастап қимылдағаныңыз жөн. Әйтпесе, бәрі кеш болуы мүмкін.

Еңбек пен талапты ұштастырыңыз да, мақсатыңызға ұмтылыңыз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button