Жаңалық

Тұңғыш рет «SAFARI SHARDARA» халықаралық фестивалі Түркістан облысында өтеді

2018 жылғы 26 қазанда Шардарада су қоймасының жағалауында тұңғыш рет «Safari Shardara» халықаралық фестивалі өтеді. Қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен таныса алады, түрлі қызықты шаралар мен спорт жарыстарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған фестиваль Түркістан облысының туризм саласын дамытуға арналған. Шара аясында құмда автокөліктер жарысы мен «Rock racing» композициялық шоуы өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, қонақтар түйе жарыстарының куәгерлері бола алады. Сондай-ақ, аңшы құстармен аң аулау бойынша халықаралық жарысқа қатысады. Ал ұйымдастырушылар өз тараптарынан мотокросс, балық аулау, желкенді спорт, академиялық есу және де жағажайлық волейбол мен футболдан түрлі жарыстар ұйымдастырады.

«Safari Shardara» фестивалінде кәсіби сахна өнерінің майталмандары, атақты әншілер, кәсіби бишілердің цирк әртістері мен акробаттарының өнер көрсетулері күтілуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button