Жаңалық

Жоспарлау оңай, әрекет ету қиын

Жоспарлау үдерісі адамның санасында жүзеге асады. Ал әрекет ету, жоспарды іске асыру – физикалық тұрғыда жүретін нәрсе.

Жоспарлауға, армандауға, қиялдауға, ойша мақсат етуге кез-келген адам қауқарлы. Сондықтан, адамның ең асылы – жоспарын жүзеге асыра білген адам.

Нақты жоспарлар, нық қадамдар – адамдардың болашағы жарқын болуына қызмет жасайтын құндылықтар. Іс жүзінде, физикалық тұрғыда керемет әрекет ететін адамдар болуы мүмкін. Кейде олар да өз ісінің нәтижесін көре алмай жатады. Неліктен?

Алдымен, нақты жоспар болуы керек. Нақты жоспармен әрекет еткен адам ғана өз әрекетінің жемісін жейтіні жылдар айнасында дәлелденген.

Жоспар, мақсат, қадам – қызметтің сапалы болу алгоритмі. Осы бағытпен қозғалған адам ғана өзінің көздегеніне жетеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button