Жаңалық

Жүрегіңді тыңда!

Адам өз-өзіне ақылшы. Санада түйсік деген керемет досың өмір сүреді. Ол сені ешқашан алдаған емес және алдамайды.

Абай айтады: «Жүрек, қайрат, ақылды бірдей ұста», – деп. Ұлт ақынының ұлылығына шек жоқ. Сондықтан, Абайдың бұл тәмсіліне бас ұрмақ керек.

Жүректілік пен жүректі тыңдау екі бөлек дүние. Жүректі тыңдай білген адам өмірдің келеңсіз тосынсыйларынан, шешуі шиеленіскен тұстарынан қиналмай өте шығады. Өйткені, жүрек – адамның ең жанашыр ақылшысы.

Қайратың мен ақылың жүрегіңе бағынса, сенен асқан кемел адам жоқ. Сондықтан, өзіңмен ақылдаса біл!

Жүрегіңнің қалауын орында! Жүрегіңді тыңда! Сонда ісің алға баса бермек!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button