Жаңалық

Жұмыс істемей, арманың орындалмайды

Барлығын еңбек қана жеңеді деген қағида өміршең екені даусыз. «Алма піс, ауызыма түс» деген еріншектің елден ерек көксегені, өзгеше мақсаты болса да, ол арман күйінде, қиял қалпында қалады.

Тек еңбектенген, болашағы үшін қызмет еткен адам ғана жетістік шыңына көтерілмек. Бұл қағида – уақытпен дәлелденген, ешқашан кереғар философияға ұрынбайтын қағида.

Адамды адам ететін – тек еңбек. Арманда, мақсат қой… және, және қадам жаса!

Міне, осы кезде ғана сенің санаңда өмір сүрген дүниелер жеміс бере бастайды. «Еңбектің наны тәтті» дейді қазақ. Өте орынды айтылған нақыл. Көлденеңнен келген дүниенің де, ақшаның да, малдың да берекеті болған емес. Болмайды да.

Адал еңбек, ащы тер. Осы дүниелер өзара ұштасқан сәтте ғана адамның берекесі молайып, ризығы көбейе түспек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button