Жаңалық

Елімізде ауылды жандандыру бағытында арнайы Жол картасы әзірленеді

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бекітілген алты бағытқа тағы бір тың бағыт қосылатын болды. Жаңа бағыт жайлы Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар Қалаға қоныс аударатын ауыл халқының саны артып келеді Форумда сөз сөйлеген Қоғамдық даму министрі өзі басшылық етіп отырған ведомствоның мақсатының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ары қарай жүргізу екеніндігін жеткізді.

«Аталмыш бағдарламаны Мемлекет басшысы жариялаған болатын. Бағдарламаның басты миссиялары ретінде Қоғамдық сананың жаңғыруы белгіленген. Аталмыш миссияны алты бағыт бойынша, атап айтқанда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культы, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сананың ашықтығы бағыттары арқылы іске асыру бекітілген», – деді Қоғамдық даму министрі.

Қоғамдық даму министрі жаңа бастама бойынша, бағдарламаның жетінші бағыты – «Ауылым – алтын бесігім» деген бағыт енгізілейін деп отырғанын тілге тиек етті.

«Осы бағыттың ең басты жүргізушісі де, Үкіметпен бірге жүзеге асырушысы да – «Нұр Отан» партиясы бола ала алады сенімдемін. Бәріміз де ауылдан шыққаннан кейін ол жақтағы проблемалардың бәрін білеміз. Қазіргі таңда Ауыл шарушалылық министрлігі «Ауылым – алтын бесігім» бағытына байланысты көптеген шараларды дайындап жатыр. Сондықтан, осы «Ауылым – алтын бесігім» бойынша арнайы жол картасы болады. Сол картаны партияның өзі қадағалап, өзінің жұмысын Жол картасы бойынша жүргізуге толық мүмкіндігі бар», – деді Дархан Калетаев.

Еске сала кетсек, елордадағы Конгресс-орталықта «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button