Жаңалық

Жүлделі орындардан бөлек үздік деп аталған оқушылардың жұмысы

Ескерту: Қатысушылар жіберген материалдар редакция тарапынан өзгертілмей, қалпында жарияланып отыр.

Алматы облысы Қапшағай қаласы

«Орта мектеп-гимназия мектепке

дейінгі шағын орталығымен» МКМ

9 «ә»-сынып оқушысы Алтай Аяжан

Менің Қасиетті Қазақстаным !

Қазақ халқы үшін Жерден, атамекеннен қасиетті ұғым, сірә, жоқ шығар. Жерді «ана» сөзімен тіркестіріп, Жер-Ана деп атауымыздың өзінде-ақ қаншама қасиет жатыр десеңізші…

Қазақта қасиетті жерлер де жетерлік.  Мен ес білгелі табиғатына тамсанып, киелілігіне бас иген,  ата-анамның туған жері – Катон-Қарағай өңірі туралы жазғым келеді. Өзім Қапшағай қаласында туып-өссем де, жаз шығысымен, бала кезімізде Шығысқа жол тартатын едік. Биыл да Катон жеріне барудың сәті түсіп, қасиетті топырақтың тарихи шежіресі жөнінде көп мағлұмат алып қайттым.

Әйгілі Мұзтаудан бастау алып, Алтай тауларының шатқалдарымен құлай аққан Бұқтырма өзенінің өне бойы- еліміздегі табиғаты көркем жерлердің бірі. Сонымен қатар, арнасы қатар аққан Қатын мен Алтынбұлақ өзендерінің  көрінісі көз тоймастай. Осыншама байлықтың бір жерге жиналғанына қайран қаласың. Өзендердің аңғарлары қылқан жапырақты самырсын ағаштарына, жабайы жеміс-жидек бұталарына, емдік қасиеті мол түрлі өсімдіктерге тұнып тұрады. Жануарлардан  атақты Алтайдың қоңыр аюы, сұлулық тәңірісі кер марал мен теңбіл бұғы мекен етеді.

Толқыны аласұрып, ақ көбігі аспанға атып, шудаланып ағып жатқан өзен жағасындағы биік жартастар бетіне тұтаса шыққан жалбыз жапырақтары да өзіндік  көркімен көз тартады.

Өзеннің «Бұқтырма»  деп аталуы осынау сұлулығымен қатар, ағысының қаттылығынан да болса керек. Түсіп кеткен нәрсені іліп ала жөнеліп, тереңіне бұқтырып ала жөнеледі.

Бұқтырманың басынан Ертіске құяр сағасына дейінгі аңғары қайың мен қарағайға толы ну орман. Жердің Катонқарағай деп аталуы да содан болса керек. Ертеде бұл жер «Қатын -Қарағай» деп аталған екен. «Қатың» деген сөз көне түркі тілінде қайың дегенді білдіреді. Бұл атау бертін келе орыс тіліне ықшамдалып «Катон-Қарағай» аталып кеткен.

Жер өзінің сұлу табиғатымен ғана ерекшеленбейді, ол тарихи шежіреге де бай. Өткен ғасырда осы елді жайлаған қалың жұртқа болыс болған Әбдікәрім Ережепұлы салдырған үлкен он жылдық мектеп үйі әлі бар.Сонау Керекуден Семейге оқу іздеп келген қазақтың ардақты ақын ұлы Сұлтанмахмұт Торайғыров осы мектепте ұстаздық еткен.

Осындай қасиетті топыраққа аяқ басып, ел мен жер тарихынан көкейіме түйер талай ақпарат алуға мүмкіндік түскеніне қатты риза болып оралдым. Қазақстанның қасиеті мен табиғи байлығы шынымен де мақтануға тұрарлық екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Киелі жерден бойыма ерекше қуат пен күш-жігер жинадым. Осы  жерге әлі талай оралатыныма да сенімді едім.

Мен  өзімнің Қасиетті Қазақстан жерінде туғаныма мақтанамын!  Мен үшін мәлім де беймәлім кең байтақ жеріміздің сырына қанық болып, «он рет естігенше, бір рет көруге » әлі де талай жерлерге саяхат жасауға бел будым! Құшағыңды аша бер, Менің Қасиетті Қазақстаным!

  Алматы қаласы Жетісу ауданы

                        №193 ЖББМ

6 «А» сынып оқушысы Бортан Салтанат

Жетекшісі; қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 

Дауленова Сымбат Нагиевна

«Менің Қасиетті Қазақстаным!»

Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында,жаңаруды мен өзімнен бастадым,еліміздің сакралды мекендерін зерттеп өз көзіммен көрсем деген алға мақсат қойдым,сол  мақсатымды іске асыру үшін жұмыстарымды бала қиалмен бастапта кеттім.

Мен осы киелі Отырар қаласына алға қойған мақсатыммен бірге келдім! Сондай-ақ Отырар бізді тасқа жазылған жазуларымен қызықтыра бастады.Отырарға кіре бергенімде алдымнан неше түрлі ережелер,мәліметтер көріне бастады.Ол жерде архитектуралық кешен туралы,және Шахристан қорғаны-туралы жазылған екен. Әрі  қарай жүре бергенімде мен алдымнан  моншаны кезіктірдім.Айтуынша IX-XV-9-15 ғ қала құрылысында монша сияқты қоғамдық орындар пайда бола бастады дейді.Отырар  моншасы ошақпен жылытылған,одан ыстық жүретін каналдар шығып,тіреулер мен бағыттаушы   қабырғалар  арқылы барлық бөлмелердің еденін жылытатын  болған.Содан соң мен бас қақпаға да жеттім. Бас қақпаны  оң аяғыммен алға қарай «Бисмиллә»-деп басудың өзі мен үшін бір үлкен бақыт,үлкен шабыт болды.Отырар мешіті  XIV ғасырдағы жұма мешіті Орта Азияның ортағасырлық архитектурасында жақсы  мәлім бағаналы –күмбезді құрылыстар түріне жатады.Ал мешіттің көлемі 72х22м. Сонан соң біз жол жүре бергенде әдемі ыдыс сынықтарын, яғни қыштарды тауып алдық.Олар-құмыраның,шәйнектің қалдықтары болып шықты.Біз дәл осындай қалдықтардың бірнешеуін тауып алдық.Олардың ерекшелігі-олардың  кірпіштері қазіргі біздің кірпіштерге мүлдем ұқсамайды.Ал келесі күні біз музейге бардық.Музейдің ішінде  Отырардан табылған қазба қалдықтары бар екен.Ең қызығы ол жерде батырлардың қару-жарақтары және қақпандары бар. Сондай-ақ  олардың үйлері және бөлмелері бар. Және онда батырлардың,ата-бабаларымыздың  ұлттық киімдері ілулі тұр.Ерекшелігі  арғы бөлмеде олардың шайқасып жатқан суреттері ілулі.Осы суреттер арқылы біз батырларымыздың  ерліктерін дәлелдей аламыз.

Қорыта айтқанда мен өзімнің мақсатыма жеттім!-деп толықтай айта аламын.Мен өз-өзімді өте бақытты сезініп отырмын және өте қатты қуаныштымын. «Абай атамның айтқанындай білім шексіз теңіз,мен де сол теңіздің суынан бір қасық су ішкендей болдым!»  Мен Отырарға барғаныма мүлдем өкінбеймін,керісінше Отырардың әр-бір жерін ұмытпайтын боламын. Қазақстанымыздың сакралды,киелі,қасиетті осындай мекендері өте көп, біздің артқы ұрпағымызға қалдырған,сөзге арқау ететін киелі жерлеріміз жетерлік,сол сакралды жерлерімізді бүкіл Қазақстандықтар болып қорғап,күтіп ұстау,кейінгі ұрпаққа мұра ету әр азаматтың міндеті деп білемін. Мен Қазақстанымның қасиетті жерлерімен мақтанамын!

   Дінисламбек Әбдірасуллаев

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің

11-сынып оқушысы

                                                         Қызылорда облысы, Арал ауданы

                                                        Шижаға елді мекені

«Менің Қасиетті Қазақстаным!»

«Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу-

алдымен өзің тұрған өлкенің

тарихын,табиғатын танудан,адамдарын

ардақтаудан басталады»

Н.Ә.Назарбаев

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша 2018 жылдың шілде айында сынып жетекшіміз тарих пәні мұғалімі Әбішева Іңкәр апаймен бірге туған өлке тарихымен танысуға саяхатқа шықтық.

Саяхатымыздың алғащқы нүктесі қобыздың атасы бүкіл түркі жұртына танымал тұлға Қорқыт бабаның кесенесінен басталды.Қорқыт бабаның басына тәу ету әрбір азаматтың борышы деп түсінемін.Қасиетті Қармақшы жерінде орналасқан кесененің сыртқы орналасу формасының өзі адамды еріксіз тартады.Кесенені салдыру барысында кеңестік жүйенің қатал саясаты мен коммунистік партияның тыйым салғанына  қарамастан басы-қасында болған өзіміздің туған жеріміз Арал өңірінің тумасы мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевтың еңбегі туралы естіп бір марқайып қалдық.

Бізге мұражай қызметкері  кесенені таныстыру барысындаҚорқыт ата туралы аңыздар мен біз білмейтін жайттарды, мысалы кешен аумағында орнатылған төрт элементтен тұратын Қобыз ескерткішінің құрылысымен таныстырды.Ескерткіштің төрт жағы төрт тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды.Жоғарғы жағы кеңейе келіп,шөміш пішінде түйісетін стеллалар қобыз бейнесін көрсетеді.Оның түйісер түбіндегі орталық тесігінде  орналасқан 40 металл түтік  жел соққан кезде қобыз үні сарынды дыбыс шығаратынын айтты.

Кешендегі ерекше ескерткіштің бірі “Қошқар” мүсіні.Мұражай қызметкерінің айтуынша қошқар ежелгі  қазақ мифологиясында  теріс күштерден қорғаушы символ болып саналады екен.Қазақ мифологиясы мен ежелгі грек мифіндегі ұқсастық адамзат дамуы барысындағы  жиынтық бейнелердің бір екенін көрсетеді.Ал кешендегі амфитеатр көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған.  Бүкіл түрік  тілдес халықтардың арасында екі жылда бір рет өтетін “Қорқыт және ұлы дала сазы” атты өнер фестивалі осы амфитеатрда өтетіндігі туралы қмәліметтерді біле отырып ,амфитеатрда бәріміз бірге ән шырқадық.Қорқыт бабаның басына келгеннен кейін кесене жанында орналасқан “Ақсақ қыз” мазарына соқпай кете алмадық.  Қорқыт атаның өнеріне ғашық болған қырық бір қыздың ішінен аман қалған ақсақ қыз туралы аңыз біздерді бей-жай қалдырмады.Ол жерден тілек ағашын көріп  әрқайсымыз өз тілектерімізді айтып беторамалдарымызды байладық.

Қасиетті жерден кеткіміз келмей қимай-қимай жолға шықтық.Ат басын Қазалы ауданындағы қасиетті  Қазақстанның бір бөлшегі болып табылатын ертедегі Оғыз мемлекетінің астанасы  Жанкент қаласының орнына барып, бұрынғы қақпасы мен зерттеу жұмыстарын өткізіп жатқан жерлерді өз көзімізбен көрдік.Ортағасырлық Жанкент қаласы туралы алғашқы дерек менің жадымда «Жылан жайлаған қала» аңызымен есімде қалды. Бұрынғы естігендеріме қоса өз көзіммен көрген әсерім ерекше болды.Әйтеке би кентінде орналасқан Жанқожа бабаның кесенесі бабаның тарихтағы алатын орнына сай тұрғызылған деуге болады.Хиуа хандығы мен Ресейдің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күрестің басшысы Жанқожа батыр туралы айтқан бабаның шырақшысының әңгімесі мектепте  алған мәліметімізді одан әрі толықтыра түсті.

Саяхат соңында біздер комсомол қайраткері кешегі жалындап өткен жас ғұмыр иесі Ғани Мұратбаевқа арналған мұражайға келгенде түрлі тақырыпқабөлінген жәдігерлермен таныстық. Ең алғашқы бөлімде мұражай қызметкері картина арқылы ортағасырлық Жанкент қаласының тарихымен таныстырды.  Келесі бөлімде бабаларымыз жаугершілік заманда қолданған қарулардың сан түрімен және өткен  ғасырда пайдаланылған тұрмыстық заттар мен әшекей бұйымдар,киім-кешек түрлерімен таныстық.Мұражайдағы негізгі бөлім Қазалының тумасы комсомол қайраткері Ғани Мұратбаевқа арналған. Өмірден жас кетсе де артына елеулі із қалдырған жастар жетекшісіне  арналған витриналардағы жәдігерлерді көргенімде менде осы тұлға секілді халыққа қалтқысыз қызмет етіп,елімнің ертеңін ойлар патриоты боламын деген сенім ұялады.

Шымкент қаласы №86 жалпы орта мектебі

 10 «А» сынып оқушысы  Елтохова Дина Айбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

 Қалменова Ләззат Жарылқасынқызы

Менің Қасиетті Қазақстаным!

Менің есімім- Дина. Мен Қазақстанда туылғанмын. Дәлірек айтсам, Түркістан облысында. Мен өзімнің туылған жерімді, кіндік қаным тамған жерімді өте қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, қазақ жерінде туылғанымды барлығына мақтан етемін. Қазақстан десе, көзіме шуағын аямай шашып тұрған шұғылалы күн, ашық аспанда самғап жүрген дала қырандарының және бостандықтың символы ақ көгершіндердің  ұшып жүргені,қозы-лақтардың ойнақтағаны, иттердің аула күзетіп жүргені, сол аулада асыр салып асық ойнаған бақытты балаларды, мың бұрала билеген қылықты қыздарды, әңгіме- дүкен құрып отырған ақ сақалды, данагөй  үлкен қарялар мен кимешекті  әжелерді, басында сүттен ақ орамалы бар, зыр жүгіріп қонақ күтіп жүрген келіндерді, сымбатты, денелі, бойшаң келген ағалардың үйге ас кіргізіп жатқаны елестейді…

Менен келіп  қай халықтың қонақжайлылығы өте керемет деп сұраса, ойланбай-ақ қазақ халқының деп жауап қайтарар едім. Себебі неде дейсіздер ғой? Себебі, біздің қазақ- қонағын құдайындай сыйлайтын, жоқтан бар жасап күтетін, келген мейманды қуанышпен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күймен келгендердің разылық-ризашылығын алып шығарып салатын   халық. Осындай халықты  кім жек көреді? Әрине, барлығы өте қатты жақсы көреді. Тіпті біздің қазақ өзге ұлт өкілдерді жатсынбай, оларды бөлектеп жүрмей, керісінше, құрметтеп, сіз-біздесіп жүреді. Осындай елде туып өскен балалар бақытты ғой, шіркін!

Ал енді жан-жануарлы орманды, суы тасуға аз ғана қалған өзен-көлді, байлыққа лық толы қазақ даласына тоқталайын. Далаға шауып шығып айналаңа қарасаң, құдды бір бақытқа жол ашатын, тура жолды меңзеген табиғатты көресің. Көз тартар қандай керемет табиғат десеңізші! Тіпті бір сені қуанышқа бөлейтұғын, шаттыққа тамсандырып, өте нәзік сезіммен тілдесіп тұрғандай бақытты күй кешесің.  Осындай байлыққа толы қазақ жерін бірінші рет көрген қонақтардың тамсанып, таңқалғаны соншалық ауыздарынан сілекейі шұбатылып  кететін шығар, сірә. Байлыққа толы деп отырғанымның себебі таңқаларлықтай  түрлі көне  ескерткіш-мүсіндер, көз тартарлық ата-бабамыздан қалған,аңызға айналған киелі де қасиетті жерларді айтпақшы едім. Бұл байлықтардың барлығы мен үшін ата-бабамыздың көзі секілді.

Күннің шуақты нұрын шашып тұрғандай қазақ жерінің қасиетті мекендері өте көп. Айта кететін болсам, киелі Қазығұрт тауы, тарихы мол Кеме қалған, Қырыққыз, Келінтөбе, Оқжетпес, Бурабай сынды тау-тасы. Мұның барлығының тарихы бар, жай ойдан шығара салған нәрсе деп ойламаңыз. Айта беретін болсам, мүмкін, парақ жетпей қалатын шығар. Тағы да айта кететін жайт, қазақ жерінде киелі, армандарыңыз періштелерге жетіп, орындалатын жерлер де бар. Мысалыға, Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан Баб кесенесі, Айша бибі кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, тағы басқа киелі орындар. Бұл кесенелердің де өз тарихы, өзіндік қасиеті бар.

Мен өз отбасыммен Түркістан облысындағы керемет бірнеше  күмбезді Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бардым. Ол кесене талай ғасырлардан бері мұсылмандардың алтын бесігі болған. Бұл жерде болған да арманда, болмаған да арманда. Сырты ғажап өрнектелген, іші тарихи жәдігерлерге толы бөлмелері сені еріксіз тылсымның тереңіне тартады.  Қожа Ахмет Яссауи кесенесін біздің елге  белгілі, алып, ел бастаған көсем, сөз бастаған шешендеріміздің басына қойылған  құлпытастары  толықтырып тұр. Мен оның ішіне кіргенде  құдды бір ғажайып әлемге еніп, сол әлеммен тілдескендей болдым. Құлаққа ұрған танадай тыныштық, тыныш та болса, сонау тарих беттерінен  көз алдыма қызған, құжынаған өмірді елестеткендей болды. Мен сол таңғажайып қасиетті жерді ең бірінші рет көрген кезімде не деген үлкен, не деген ауқымды кесене деп таңқалдым. Менің жасым ол кезде небәрі бесте еді. Сол кесенеден шыққым келмей қалды. Себебі ол жер киелі және қасиетті болғаннан шығар, мені нәзік желмен сипағандай еркелете, өзіне тартып тұрды. Міне, ғажап! Сол сәтімнен бастап мен қазірге дейін ата-анам  Түркістанға барамыз десе, орнымнан атып тұрып мейлінше тезірек жиналуға тырысамын. Өйткені ол жер мен үшін өте қымбат. Неге? Неліктен ол жер қымбат? Себебі мен кесенені көрсем болды, әрқашан маған тура жолды меңзеп, болашаққа нық, сенімді аяқ басуды, ешқашан сол меңзеген тура жолдан шатаспай, қателеспей жүрсем, талай биік шыңдарды бағындырасың деген ойлар менің жадымнан кетпейді. Тіпті бір  «Сен Қазақстанымызды көркейтесің, оны дамытасың, әлемге танытасың. Осының бәрі-бәрі де сенің қолыңнан келеді»- деген өте әсерлі, өте сенімді ойларды маған айтып жатқандай болады. Сондықтан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен үшін өте бағалы, құдіреті мықты, киелі де қасиетті құтты мекен. Біз осындай қасиетті мекенімізде тұрғанымызды әрбіріміз мақтанышпен бағалап, бабамыздың көзіндей сақтап, келешек ұрпақтарға да жеткізуіміз қажет. Мінекей, сізге керемет  тарих! Қасиет! Құт қонған, нұр дарыған мекен!  Бақытты, болашағы жарқын мәңгілік қазақ жері!   Әрбір қазақ осындай құтты, қасиетті мекенде туылғаны үшін, маңдайына сол мекенде тұру жазғаны үшін қуануы керек…

Самал Қалиева

Павлодар қаласы

Кенжекөл жалпы орта білім

беру мектебі

Жетекшісі: Смагулова Бахыт

 «Менің Қасиетті Қазақстаным!»

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын әр адамның өмірінің ұраны ретінде есептеуін тапсырды. Бұл Отанға деген, туған өлкеге деген қамқорлық, жанашырлық деп санаймын. Мемлекет басшысының осы сөзі көптеген саналы азаматтардың көкірегіне сәуле құйып, кіндік қаны тамған мекеніне деген сағынышын еселеп арттыра түсетіндей сезімде болдым.

Осы ой елегінде мен де қолыма қалам алып, өзімнің туған жерім Екібастұз аймағы туралы, ол жердегі көп қазақстандықтарғаәлі де жұмбақ болып келе жатқан қасиетті Ақкөл Жайылма туралы сырымды ақтарғым келеді.

Ақкөл Жайылма өңірінің кіндігі – тоғыз көлдің бірі – Қылдыкөл. Сол көлдің етегінде керекуліктерге әйгілі «Атам зираты» жатыр. Бұл жердің қасиеттілігі, ерекшелігі бұл зиратқа алғаш рет Исабек ишанның бауыры Мұхаммеднияз жерленген екен. Кейіннен бұл қорымға өмірден өткен қожалар ұрпақтарын жерлеу үрдіске айналған.

Енді қожа аталарым туралы сыр шерткім келеді. Бұл аталардың көбін мен бала кезімнен білемін, көрдім. Ал тарихқа көз жүгіртсек, Қожалар – Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифаларының ұрпағы екен.

Исабек ишан Қылдыкөлге өмірінің соңғы кезеңінде келіп, қыстау салған деген дерек бар. Тағы да менің мақтан тұтатыным, бұл жерді Тентек Қанжығалы  ішіндегі  Қорлыбай мен Қойлыбайдан тараған аталар мекендеген. Қасиетті ишанды менің ата-бабаларым құшақ жая қарсы алып, қоныс берген.

Исабек ишан жаз жайлауы Сасықкөлде Ақан сорында дүниеден өткен. Атаның еліне сыйлы, қасиетті болуы деп ойлаймын, мәйітін ел-жұрт жаяу көтеріп, Қылдыкөлге жеткізіп, жерлепті.

Қазақта «Жақсыдан қалған тұяқ» дейтін сөз бар ғой. Бұл атаның баласы Нұрмұхаммедтен Қожахмет, Шүкімет қажы, Жақан қажы, Мұхаммедқасым, Әбсағит, Мұхаммедсолтан, Сағит, Әшім және төрт қыз: Гаухарайым, Әсия, Пәруза, Қорлығайым тарайды.

Мен өзім бала кезімде осы ата ұрпақтары Әшім, Әбсағит, Жандарбек, Барбар, Солтан аталарды көріп өстім. Елінің қалай пір тұтып, құрметтейтінін көрдім, өте қадірлі, сыйлы адамдар болды.

Арада қанша жыл салып, осы аталарымның басына бардым…. Сол кездегі менің қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Әулие аталарымның күмбезді кесенелерін көргенде керемет бір рух пайда болды.

Шынында да, өшкеніміз жанған, егеменді қазақ елінің азаматы екеніме тағы да көзім жетті. Бұрын біз мәңгілік өмір іздеген Қорқыт атаны пір тұтсақ, қазір тарих бізге күннен-күнге өз құпиясын айқара ашуда. Менің өлкемнен шыққан осындай қасиетті аталарымды мен меқтан етемін! Осы қасиетті қожалардың кесенелерінің өзі – тарихтың бір бөлінбес бөлігі сияқты болып көрінді маған. Мен бұрын мұндай кесенелерді тек теледидар, газет-журналдардан білсем, менің де туған жерімде осындай аттары аңызға айналған ұлы аталар болған екен.

Менің ойымша, бұл да «Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша қасиетті нысандар тізіміне енген киелі мекен болды деген пікірдемін.

Елім, жерім деп соққан адал азаматтардың осы мекенді бабалар мекені қылып, жайнатып қойғанына мен басымды иемін. Сол азаматтарға бүкіл Ақкөл Жайылма жұрты атынан алғысым шексіз!

Қорыта айтқанда, қасиетті Қазақстанның әлі де ашылмаған қасиетті жерлерін елге, әлемге паш ететін біздерміз, болашақ ұрпақтың санасына құйып, өз елін, жерін сүйіп, қорғауға, әр тасын көзінің қарашығындай сақтауға, біз аға буын үлкен үлес қосуымыз керек.

Гүлденіп, жайнай бер, менің киелі мекенім!

Сыдық Жұлдыз Мұратбайқызы

11-сынып оқушысы

«Менің қасиетті Қазақстаным!»

Қазақстан. Бұл сөзді  естіген сәтте көзіме ұшса құс қанаты талмайтын жазық дала, үйір-үйір жайылған малдар, кең далада кісінеген жылқылар,  сол далада  көздің жауын аларлық қаздай тізілген киіз үйлер, тал шыбықтай бұралған қыздар мен нағыз ержүрек жігіттердің бейнесі көз алдыма анық келеді.Табиғи сұлулық пен рухани байлықтың ұштасқан бейнесі.

Әрине осындай тұнып тұрған байлыққа қызықпағандар тарих сахнасында кемде кем. Талай жаугершілік замандардан өтіп, қазақ елінің бір тудың астына жиналып, бірлік көрсетуінің арқасында кең байтақ қазақ жерін жау қолынан аман алып қалды.

Қазіргі таңда бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, қазақ елі «Қазақстан» деген дербес мемлекетке айналды. Көк туымыз көкке желбіреп өзге елдермен тең дәрежеге жеттік. Ендігі таңда сол қалпымыздан таймай одан сайын көркейіп, табиғи байлығымызды, рухани қазынамызды  сақтап жаңа леп себуіміз керек.

Қазақстанның түпкір-түпкірінде қаншама көздің жауын аларлықтай көрікті жерлер бар десеңізші. Сонау Каспийден Алтайға дейінгі аралықта өз қасиетін жоймаған қасиетті  жерлер мен елді- мекендер мені кел де көріп, менің сұлулығыма таңданып, тамашалап кет деп тұрғандай. Солардың  бірнешеуіне, яғни өзім саяхат жасап көзім жеткен жерлерге тоқталайын.

Менің ең алғашқы саяхатым Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Ақсу- Жабағылына бағытталды. Ол БатысТянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездессе, оның 57 түрі Қызыл кітапқа енген. Иісі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар, қорықтың шырайы мен сәнін кіргізіп-ақ тұр. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдары адамды өзіне еліктірмей қоймайды.

Жер дүниесі жан-жануарға қаншалықты бай болса, көк аспан да өзінің сан алуан құстарымен өзіне еріксіз баурап алады. Қаланың күйбең тіршілігінен шаршасаңыз, жаныңызды табиғат аясында тынықтыруды көздесеңіз, онда менің сізге берер кеңесім. Ақсу Жабағылы қорығына барыңыз. Шыңдарын бағындырып, көк аспанның үніне құлақ түріңіз. Жан дүниеніңіздің байып, жігерлене түсетініне сенімім мол.

Ендігі кезекте рухани қазына мен  мәдениеттің дамуына, тарихпен тілдесуіме зор ықпалын тигізген қасиетті қала-Түркістан туралы баяндамақпын.

Түркістан қаласы нағыз тарихи қала, «Екінші Мекке» деген атауға да ие. Қазақстанға сапар шегіп келген шет елдік туристер Түркістанға атбасын бұрмай кете алмайды. Шетелдіктерді Түркістанның әсемдігі, кесенелерінің көз тартар архитектурасы және емге шипа қасиетті сулары таңғалдырумен келеді.    Кейбір адамдар еміне шипа тілеп келіп, сауығып кеткен кездері де болған.

Түркістан қаласы әлі де толық зерттеле қоған жоқ. Кім білсін…

Мүмкін, келешекте әлі қаншама тосын сыйлар күтіп тұрған шығар.

Мен өзім сапар шеккен Қазақстанның көрікті жерлері туралы ғана баяндадым. Қазақ жері көрікті жерлерге өте бай. Алдағы уақытта әлі де көптеген жерлермен танысып, өз елімді таныған үстіне тани түскім келеді.

Себебі, өткен тарихын білмеген ел, нағыз ел болып қалыптаса алмайды. Сондықтан да өзімізде барды танып білуге ұмтылайық!

Танабай Балжан

Асанбай Асқаров атындағы мектеп –лицейі

11 «ә» сынып оқушысы

Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Мурзабаева Лаззат Зарифханқызы

«Менің қасиетті Қазақстаным!»

Қасиетті Атамекенім! Осы бір сөзде ұлағатты ұғым- адамға  өте  бір жақын ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені, ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін,  мейлі ол құмды  шөл, құрғақ дала, суық Сібір,  биік тау болсын, өзінің  кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп өнген жерін атамекенім деп жанындай жақсы көреді.

Еліміздің рухани астанасы   қасиетті Түркістан шаһарына саяхат жасап,       өзіме рухани азық алдым.  Түркістандағы киелі  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі- төл топырағымыздан табылған төл дүниеміз. Қасиетті , киелі мекенді аралағанымда қазақ тарихындағы ұлы ғұламалар, хандар   мен  батырлардың  мәңгілік  мекені  осында екеніне  көзім жетті. Киелі мекендегі Қожа Ахмет Яссауи  кесенесінің құрылысы,  сәулет өнері ерекше әсер етті. Осы бір ғажайып кесене бүгінгі күні иісі қазақ үшін ерекше қастерлі.      Қасиетті Тайқазанның ұзақ жылдар бойы Эрмитажда тұрғанын, оның 1989 жылы еліне  қайта оралғанын білеміз. Мұндағы жәдігерлердің қай-қайсы да бұрынғы ата-бабаларымыздың  өмірінен сыр шертеді.

Түркістан- екі дүние есігі ғой,

Түркістан- ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой –

деп  Мағжан атамыз жырлағандай , түркі тілдес халықтарға ортақ қасиетті мекен екенін ,  дәлелдеп тұрған жоқ па?

Айдай әлемге Қазақстанды танытатын екінші Мекке аталған қасиетті ,    киелі мекенім Түркістаным!

Биыл 2018 жылы  елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы  бойынша киелі  Түркістан  облыс орталығы болып бекітілді.  «Әрбір халық ,       әрбір тәуелсіз  мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап  алуы керек. Қазақстанның рухани  орталығы – Түркістан» – деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз пікірін нақты жеткізді.

Өз ойымды қорытындылай келе ,  киелі  Түркістаннан алған әсерімнің  ерекше   екенін атап айтқым келеді.

Түркістан десе, міндетті түрде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ойға оралады. Кесене негізінде құрылған қорық-мұражайға келсек, мұндағы әр жәдігер — жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі сынды, сонау көнеден үзілмеген ұлы көштің бір-бір бөлшегі, өз жерімізден, төл топырағымыздан табылған төл дүниеміз. Мысалы, әлемге әйгілі Луврды немесе Санкт-Петербургтегі Эрмитажды алып көріңіз. Ол мұражайларда тұрған дүниелердің басым бөлігі әлемнің әр жерінен жиналған. Түкпір-түкпірден әкелінген сол жәдігерлердің әрқайсысы өз топырағына қайтарылар болса, Лувр мен Эрмитаждың көп бөлмелері бос қалған болар еді. Маңызы жағынан келгенде де, біздің жәдігерлеріміз сол әлемге әйгілі мұражайларға қою үшін жан-жақтан жиналған дүниелерден асып түспесе, кем түспейді.

Ата-бабаларымыз Яссауи кесенесіне сәулет ескерткіші, материалдық жәдігер ретінде қарамаған. Олар үшін Түркістан — рухани тірек, рухани қуат көзі еді. «Адалдықты, адамгершілікті бәрінен жоғары қою, бауырмалдық, мәрттік,  сынды қасиеттер қазақтың қанында бар, бұл — біздің тамырымыз» десек, сол тамырдан ажырамаудың жолы — Яссауи ілімі. Ең сыйлы, ең қадірлі тұлғаларын Яссауи кесенесі маңынан жерлеу арқылы ата-бабамыз кейінгі ұрпаққа: «Тамырыңнан ажырама!» — деген өсиет қалдырған сынды.

Қазіргі жаһандандыру  заманында әр ұлт қана қана емес,  тіпті әр өңіріміз, әр ауылымыз, әр әулет осы тарихи  мұраларды барынша қоғауымыз қажет.

Менің қасиетті Қазақстаным! Аман бол сен, сен барда  мен  сенің  перзентіңмін, қанатыңмын.  Сенің кәдеңе жарасам,  қиын сәтте тірек болсам – сол бақыт!

Ұлы рухты, қызы ғұрыпты болмай, ұлт  оңбайды, алға баспайды- демекші  Қазақстанымыздың  ақ жарқын, кең кейіл халқының берекелі  босағасына  тыныштық пен татулық, құт- күзетші болсын деп бір Алладан баршамыз тілейік!

   Шариғат Серікбосын

Павлодар облысы

№24 жалпы білім беру мектебінің

8-сынып оқушысы

                               «Менің Қасиетті Қазақстаным»

Мен, Шариғат Серікбосын Ержанұлы, 2004 жылы Кереку қаласында туғанмын. Қазіргі уақытта Кереку қаласының № 24 жалпы білім беру мектебінің 8ә сыныбында оқимын. Қазақ болып туғаныма, кең байтақ Қазақ деген елім барына өте қуаныштымын! Менің елім, Қазақстан! Ал, туған өлкем Кереку өңірі. Кереку өңірі өте қасиетті жерлердің бірі екенін атам Шариғат, әкем Ержан да туылғанымнан бері құлағыма сіңіріп келеді. Әкем; «Жеті атасын білмеген, жетесіз» – сен, ата тарихыңды, олардың өмір сүрген ата қонысын білуің керек!- деп айтып отыратын. Кереку өңірі- әлімсақтан бері қасиетті болып келеді. Біздің өлкеден атақты адамдар, елге еңбегі сіңген ұлы тұлғалар өте көптеп саналады. Еліміздің тарихына, экономикасына, ғылымына өз үлесін қосқан аталарымыз бар екенін тарих пәнінен оқығанымыз бар. Қазақ елінің тарихында алғашқы Ғылым Академиясының негізін қалап, есігін тұңғыш рет ашқан, өз білімін келешек ұрпақ біздің қамымызға арнап, кен орындарын ашқан, аспан әлемінде жұлдыздардың бірінің атына айналған Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атамызды айтсақ та , тарих ғылымында «Кенесары хан» туралы еңбек жазып, 25 жылға сотталған Бекмаханов Ермұқан Бекмаханұлы аталарымызды айтып мақтануға неге болмас! Тарих пәніне қосымша «Өлкетану» – деген пән оқытылады. Оған:  Туған өлкемізге байланысты,туған өлкенің табиғаты, тарихы, қасиетті орындары, ұлы тұлғалары, ел басшылары, өлкеміздегі әсем жерлері, кен орындары т.б. кең көлемде мәліметтер беріледі. Өлкетану сабағында өлке тарихынан мәліметтер аламыз. Біздің өлкеміз- Қазақ елінің бір бөлшегі, ежелгі Қимақ, Қыпшақ, хандығы өмір сүрген киелі мекен! Орта ғасырларда менің ата бабам Керей, Уақ, Найман, Қыпшақ, Арғын, Қоңыраттар осы өлкенің тұрғындары болғанын біз тарих пәнінен білеміз. Менің атам тарихшы болды. Ал, әкем сол атамның ізін қуған тарихшы. Жазғы демалысында әкем маған еліміздегі тарихи орындарды аралатады. Ата – бабаларымыздың жүрген жолдары деп маған үнемі өз білгендерін түсіндіруге тырысады. Біздің ата – бабамыз Сарыарқаның тұрғындары болды, Сарыарқаны қаншама ғасыр жауларынан қорғады. Оған дәлел; Қазіргі Ш.Қ.О – ның Жарма ауданының Қалбатау елді мекенінде мәңгілікке жатқан менің 14- атам, Керей руынан шыққан атақты батыр және Керей елінің биі болған  Ер Жәнібек батырға арнап 2014 жылы туылғанына 300 жылдық мерей тойына Қазақ елі үлкен ескерткіш монумент орнатты. Осындай батырдың ұрпағы болғаныма мақтанамын! Ескеркіші бүгінде мен мұндалап Алтай тауынын Қалба жотасында мәңгілікке тұр.

Ер Жәнібек батыр елін, жерін Жоңғар шапқыншылығынан қорғаған ұлы тұлға, Керей елінің атақты биі болған адам. Ер Жәнібек батырдың қасында атақты Керейдің ту ұстаған батыры Байтайлақ батырдың ескерткіші орналасқан. Жазғы демалыстарымызда жанұямызбен бірге еліміздің аумағына сапар шегуді ұнатамыз! Мен, Кереку тумасы болғаныммен, менің ата – бабам Сарыарқаның тұрғылықты адамдары болғанын дәлелдейтін тағы бір қасиетті орын бүгінде табылып отыр.Ол, Борақара батыр жатқан жер! Ата – бабамның мекені қазіргі Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы, бұрынғы Ботақара елді мекенінде менің 11- атам, Ботақара батырдың бүгінгі күні жатқан жері табылып отыр. Ботақара батыр туралы аңызды әкем маған үнемі айтып отыратын. Аңызда; Қазақ  – Жоңғар соғыстарының бірінде Ботақара батыр мен Шешенқара батырдың жекпе – жекке шығуы, жекпе – жек кезінде Ойрад батыры Шешенқараның дулығасы ұшып кетіп, ол әйел адам болғаны Ботақара батыр шайқасты тоқтатып, әйел адаммен жекпе – жекке шықпағандығы туралы аңызды атам Шариғат айтып отырушы еді деп- әкем аңызды айтып беруші еді. Көшпенділердің заңы бойынша соғыспаған екі батыр сатқын болып есептеліп, екеуінде екі жақ атып өлтіреді. Содан қалған ескерткіш бүгінгі Ботақара тауы мен Шешенқара тауы атаулары, осы екі тауда екі батыр жерленген деп әкем үнемі айтып отырады. Міне, бүгін сол аңыз шындыққа айналып отыр.  Қазақ елі бүгінгі күндері өткенін түгендеп, жоғалғандарын қайтадан орнына келтіріп, елінің және халқының тәуелсіздігі жолында тер төккен ұлы тұлғаларды қайта жаңғыртып жатуы жас ұрпақ біздің ертеңгі күнгі болашағымызды ойлауы деп түсінеміз. Біз жас ұрпақ, ата – бабаларымыздың ерлік істерін үлгі тұтып, бізге қалдырған ұлы даланы мәңгілік сақтап қалуға, мәңгілік ел етуге күшімізді жұмсаймыз деп ойлаймын! Біз тарихи деректер деген бөлімді тарих пәнінен өткенбіз. Онда мұғалім: Тарих – аңыз әңгімелерден шежірелер мен тарихи деректерден құралады деп айтатын. Менің ата – бабам- батырлар әулеті болғанын мен мақтан етемін! Менің елім Қазақстан, оны қорғау жолында менің қаншама ата – бабамның қаны төгілгені тарихқа ғана мәлім?! Бірақ, осы ұлан байтақ өлкемді қорғап қалған ата – бабамның жатқан жерінің бәрі киелі деп есептеймін. Киелі сөзін мен- қасық қаны қалғанша туған өлкесін қорғап, өз өмірін келешек ұрпақ үшін қиған, бүгінде сол ұрпақ қызығын көріп, бай қуатты өмір сүріп, сол асыл ата- бабаларымызды еске алып, олар жатқан жерді қасиетті тұтып,қастерлеу – деп білемін! Ондай киелі орындарды бүгін еліміз көлемінде түгендеп, олардың санын анықтап, киелі орындардың тізімін шығарып жатқанынан хабарымыз бар. Менің туған өлкем- Кереку өңірінің де киелі орындарын анықтап, олардың бүгінгі күні 78 дей орнына ел ағалары мен тарихшы ағаларымыз белгі орнатуда. Мен үнемі әке- шешеммен бірге Баянауыл жеріне жазғы демалысымда саяхаттауды ұнатамын. Бұл өлке өте әсем, табиғаты, көлдері көркем, адамды өзіне тартып тұрады. Баянауыл өңірінде киелі жерлер өте көп. Мысалы: Өзім көрген «Қоңыр әулие» үңгірі, «Кемпір тас», «Қазыбек бидің сөре тасы», «Жасыбай батыр» – ескерткіші, «МашҺүр Жүсіп» ата кесенесі, «Жаяу Муса» кесенесі т.б. киелі орындарды айтсақта жетіп жатыр. Туған өлкем- Кереку өңірінің тарихын біліп, киелі орындарын аралап, көріп, толық мәлімет алуға үнемі ынта жігерімді салып отырамын. 2017 жылы «Кереку өңірінің тарихи атаулары» атты тарихи жоба жазып, оны республикалық «Жас ғалым» журналы мен О.Қ.О-ның  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымы бірлесіп ұйымдастырған «Жас ғалым» ғылыми жоба шығармашылық байқауына жіберіп, жеңімпаз шәкірт аталып, «Жас ғалым» медальмен марапатталған жұлдызды сәттерім болды. Менің туған қалам  «Павлодар»- деп аталады. Өте әсем, бірақ,көңіліме мұң келтіретіні… неге оның қазақи атауы жоқ? – деген сұрақ мені үнемі алаңдатады! Мен туған өлкенің барлық атаулары дерлік орысша?! Бұрынғы атауларын ісдестіруді жөн көрдім. Сол себепті жоғарыдағы ғылыми жоба арқылы қазақи атауларын іздестіріп көрдім. Қазір өлкемізде екі аудан өзінің байырғы атауын алды. Олар: Лебяжі ауданы – Аққу ауданы, Качир ауданы – Тереңкөл ауданы атанды. Мен тұратын көше- Кутузов көшесі еді, – енді міне, Тәуелсіздік даңғылы болып шыға келді. Менің туған өлкемнің тарихи атаулары қайтарылса деген ойларым бүгінде орындалып келеді. Менің Қазақстаным жасай бер! Мен мәңгілік ел – Қазақ елі болады деп сенемін! Ұлы көшпелілерден қалған Ұлы дала елі- оның мәңгілік жалғасы – Қазақ елі деп білемін! Менің елім, Қазақстан өта қасиетті мекен!

№ 41 Жамбыл ат. ЖОМ

Эргашова Сабогул Икрамжанова

Қаратаев Абдували Абдикадирович

 «Менің қасиетті Қазақстаным»

Туған жерім тұғырым,

Туған жерім ырысым.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16  желтоқсанда егеменді ел болып жарияланды. Осы күннен бастап қазақ елінде көптеген  өзгерістер бола бастады.Көптеген оқу орындары, мектептер ашыла бастады. Бұлардың барлығы біз жастар білімді  болуымыз үшін жасалынды деп ойлаймын. Мен осындай көрікті, асқар таулы, суы мөп- мөлдір әдемі егеменді елде туылып өскеніме қуаныштымын. Өйткені осындай қасиетті мекенде біз жастардың білімді, ақылды, иманды келешегіміз жарқын болғанын және қазақ елін бүкіл әлем танығанын қалаған ата-бабаларымыз дүниеге келді, және олар осы жолда жандарын пида ете алды. Олар өз отанын жаудан қорғай алды және біздің осындай өмір сүріп келе жатқанымыз олардың арқасында деп ойлаймын.Біздің Қазақстан –көп ұлтты мемлекет.Қәзіргі   таңда  Қазақстандай ерекше мекенде 130 астам  ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сұруде. 130 астам  ұлт өкілдерінің дәрежесі бірдей. Олардың дәрежесінің бірдей болуының себебі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің әділ саясатының арқасы деп білемін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев біз жастар әлемге өз елімізді мақтан етіп айта алатындай білімді болуымызды қалайды және де, мен сол жастардың бірі болуға, білімді, жан- жақты  болуға елімді бүкіл әлемге танита алатындай азаматша болуға ұмтыламын. Мен үшін Отан-құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес. Бұл –жан сезімі. Отан деген сөз ежелден көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек-ау.

Бауыржан Момышұлы бабамыз  айтып  өткендей;

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Отан үшін суға түссең батпайсың.

Біз жастар өз отанымызды кез-келген жағдайда жаудан қорғай алатындай азамат, азаматшалар болып өсуымыз керек.Тәуелсіздіктен кейін мемлекеттік тіл болып «Қазақ тілі» енгізілді.

Қазақ тілі қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Мен мемлекеттік тілімізді мақтан етемін және де, құрметтеймін. Мемлекеттік  тілімізге қаншалықты құрметпен  қарасақ,  отанымызға деген мейіріміміз соншалықты болады. Негізінде Қазақстанымыздың байлығы тұралы айтатын болсақ мемлекетімізде  қазба байлықтармен бірге көне байлықтаримыз-мәдени мұраларымызда аз емес. Солардан ең қасиетті де қымбат мәдени мұрамыз, бұл Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі деп  ойлаймын. Түркістан  қаласына саяхат жасаған кезде мен бұған тағы бір рет күә болдым және саяхат барысында үлкен әсер алдым.

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды. Атақты Әмір Темірдің пәрменімен салынған Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері мен басқа да жүздеген мазарларда тегі түркі, сүті қазақ бабаларымыз жерленген. Қожа Ахмет кесенесі – діни ғұламалар мен әулие-әнбиелерді, хандар мен билерді, батырлар мен ақындарды, атап айтқанда халық үшін өзін арнаған тұлғаларды жерлеген үлкен қабірстан (пантеон).

Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Осындай әйгілі университетте оқып білім алуды армандаймын және сол үшін бар күшімді саламын.Түркістан қаласының келешегі зор.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

Менің  Қазақстаным неткен әдемі,бейбіт,еркін байлығы көп,көп ұлтты шынымен мұндай елді жақсы көрмеуге болмайды.  2017 жылы 12 сәуір күні елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев үлкен қадамға барды онда Елбасы сол жария еткен “Болашаққа бағдар: руханы жаңғыру” -бағдарламасы елдің санасы ой пікірінің жаңғыру жолында өте маңызды құжат болып есептеледі. Екі дәуір түйіскен өзара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Ендеше, руханы жаңғыру арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті  үндестіре отырып баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

Елбасымыз айтқандай ХХІ ғасыр-жастар ғасыры.Мұқағалы атамызда осындай сөздері бар:

«Сендердікі қоғам, өмір,  заман да,

Сен түзеген қалаңменен далаң да,

Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,

Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,-дейді.

Біз-халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да  біз- жастар.Туған жер!Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңміз, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын боламыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button